Алгоритм деген не? Сызықтық алгоритм. Тармақталған алгоритм. Циклдік алгоритм

Алгоритм деген не? Алгоритм бұл мәселені шешетін жол, тәсіл. Мысалы сіз ыстық сорпаны ішу үшін алдымен үрлейсіз, кейін ұрттайсыз:

Алгоритм деген не?

Үрлейсіз кейін ұрттайсыз, үрлейсіз кейін ұрттайсыз…

Үрлемей ішсеңіз аузыңыз күйеді. Соңдықтан алдымен үрлеу керек одан кейін ішу керек. Яғни ыстық сорпаны ішу үшін әдіс, тәсіл бар. Алдымен бір амалды, одан кейін екіншісін орындау керек. Алгоритм дегеніміз осы.

Алгоритмдер компьютерлерді құруда, бағдарламалауда, компьютерлік вирустарға қарсы тұруда, биологияда, анимацияда, дизайнда, кибернетикада және басқа салаларда қолданылады.

Алгоритм сөзінің шығу тарихы

Алгоритм мәселені шешу үшін бірінші, екінші,… амалды пайдалану керек деген жол, әдіс, тәсіл. Термин ұлы Әл-Хорезмидің атымен байланысты. Алгебрада (осы термин де Әл-Хорезмидің атымен аталған) жақшаны ашқанда ең әуелі көбейтуді, одан кейін қосуды орындау керек емес пе:

a(b + c) = ab + ac

Қосуды орындап кейін көбейтуді емес.

Бұл да алгоритм емес пе. Демек сіз алгоритмдерді баяғыда пайдаланғансыз.

Алгоритм түрлері

Алгоритм түрлері үшке тең. Сызықтық, тармақталған және циклдік. Солардың әрқайсысың жеке жеке қарастырамыз. Мысалмен түсіндіріп. Алгоритмдерді білу бағдарламалау үшін қажет.

Сызықтық алгоритм

Сызықтық алгоритм деген не? Сіз нан алу үшін не істеуіңіз керек? Алдымен үйден шығасыз, одан кейін дүкенге барасыз, нан үшін ақша төлеп үйіңізге қайтасыз. Осы мысалдар әрбір қадам бірінен соң бірі орындалып тұр. Сызықтық алгоритм дегеніміз осы.

https://www.traditionrolex.com/17

Тағы бір мысал ұяшықтағы 20 саның табу:

Сызықтық алгоритм мысалы

Алдымен бірінші ұяшықты тексереміз, одан кейін екіншісін, үшіншісін,.. Соңында алтыншы ұяшықта жиырма саны табылады. Рет ретімен ізделінеді.

Тармақталған алгоритм

Тармақталған алгоритм деген не? Алгоритмнің орындалуы шартқа тәуелді болса. Мысалы жанағы нан алу алгоритмін басқаша да өзгерте аламыз. Егер дүкенде нан жоқ болса. Үйден шығу, бірінші дүкенге кіру, нан бар ма деп сұрау. Нан бар болса алып үйге қайту, жоқ болса жанындағы екінші дүкенге бару.

Бұнда шарт бар. Нан бар ма? Деген сұрақтың жауабына байланысты туындайтын әрекет. Сонымен тармақталған алгоритмдерде шарт бар. Осындай алгоритмдер компьютерлік технологияларды, әсіресе бағдарламалауда кеңінен пайдаланады.

Циклдік алгоритм

Циклдік алгоритм деген не? Циклдік дегеніміз құрамында қайталанатын қадамдары бар алгоритм. Мысалы сорпаны ішу. Адам қасықты алып сорпаны ішеді, бір рет, одан кейін екінші рет, үшінші, тағы тағы қайталап ыдыстағы сорпа біткенше. Сорпаның бітуімен тамақ ішу тамамдалады.

Сонымен циклдік алгоритм дегеніміз талай рет қайталанатын қадамнан тұрады. Бағдарламалауда осындай алгоритмдер көп қолданылады. Мысалы Python, Php, Ruby тілдерінде талай алгоритмдерді құра аласыз. SQL көмегімен мәліметтерді алып өндегенде циклдік алгоритмдер пайдаланады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.