Тендер деген не? Тендерге қатысу, тендермен айналысу

Тендер деген не? Адам өзіне керек заттарды сатып алу үшін бірнеше дүкенді аралап, керекті тауарын тиімді бағамен табады.

Тендер деген не?

Ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар көп мөлшерде тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін тендер өткізеді. Бұл үшін тендер жайлы ақпаратты жариялайды. Осы хабарландыруда қандай тауар керек, қандай мөлшерде, қашан және тағы сол сияқты ақпарат беріледі.

Тендерге қатысқысы келген компания тендерді өткізіп жатқанға өз тауарларың ұсынады. Бұндай компаниялар бірнеше (ондаған, жүздеген компаниялар қатысуы мүмкін) болуы мүмкін. Осы компаниялардың ұсыныстарының арасынан тендерді өткізген мекеме өзіне керектісін таңдап алады. Яғни тендердің жеңімпазын анықтайды.

Тендерді жеңген компания тендерді өткізген мекемеге көп мөлшерде тауар сатады. Тендерді мемлекеттік мекеме ұйымдастырса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теңдерде жеңіске ең арзан баға ұсынғаны жетеді.

Тендер деген не?

Бұл заманда — көшені жөндеу, асфальт төсеу, мектеп салу, форма алу, көп мөлшерде тауар сатып алу, ауруханаға дәрі алу, колледжге парта сатып алу, мұнай өндіретін компанияларға тауар сату және басқалары тендер арқылы өтеді. Ауқымы кең нарық.

Тендермен айналысу

Тендермен айналысу үшін арнайы электрондық жүйелер бар. Мысалы Қазақстанда мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялар, ұлттық компаниялар тендерді өткізсе онлайн хабарландыру береді. Бұндай сайттар көп.

Осы сайттарда қазір өткізіліп жатқан тендерлер жайында хабар таба аласыз. Өзіңізге керекті тендерді таба аласыз.

Тендерге қатысу

Тендерге қатысу үшін компанияға міндеттелген арнайы шарттар бар. Тендерді өткізетін мекемелердің өз талаптары бар. Жеке кәсіпкерлердің талаптары бір төбе, мемлекеттік ұйымдардың талаптары бір төбе. Оған қоса ірілері де бар, майдалары да бар.

Бұл жайында тендерге арналған сайттарды қараңыз.

Теңдерді өткізудің басты мақсаты бұл төмен бағамен сапалы тауарларды табу, делдалдарды жою. Баяғыда көп делдалдар бар еді, себебі бір жерден өзге жерге тауарлар таныс арқылы сатылған. Қазір тауарды өндіретін компания өз өнімін ірі тұтынушыларға тікелей сата алады. Бұның салдарынан экономиканың жалпы тиімділігі артады. Тауарды өндіру және сату жеңілдейді.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.