Домен деген не? Хостинг деген не?

Домен деген не? Домен бұл сайттың атауы. Мысалы осы сайттың атауы almatysite.kz, біреу браузерде almatysite.kz деп терсе осы сайт шығады. Басқа да домендер бар. Мысалы google.com немесе youtube.com.

Қазақстанда негізінен kz домендерін пайдаланады, kz ұлттық домен зонасы. Ал шетелде көбінесе com пайдаланады. Ресейде ru ал Белоруссияда by.

Домен деген не?

Сайт атын жаттау жеңіл. Сіз өзіңізге сайт жасап оған доменді қоса аласыз. Бұл үшін хостинг керек.

Сіз бар жоғы жылына 5000 тенге шамасында ақы төлеп хостинг пен доменді сатып алып өзіңізгее сайт жасай аласыз. Мысалы интернет дүкенді аша аласыз. Интернет дүкенді ашу жайлы мына жерде мағлұмат бар — как открыть интернет магазин в Казахстане.

Хостинг деген не?

Хостинг деген не? Сайт текстерден, суреттерден құралады. Әрбір сайтта текст бар, сурет бар. Суреті жоқ сайт ұсқынсыз боп көрінеді. Бұлар орналасқан жер хостинг деп аталады. Хостинг негізінен МБ не ГБ есептелінеді.

Мысалы бір сурет орта есеппен 250 кБ (өнделгеннен кейін) болуы мүмкін. Сайтта 100 сурет бар болса, суреттерді сақтау үшін 25 МБ керек болады.

Шетелдік және қазақстандық хостингтерде сайтты сақтайтын орыннан басқа арнайы бағдарламалар да бар. Мысалы Мәліметтер Базасы. Немесе бағдарламалау тілдері және басқа қызметтер.

Егер сіз сайт жасауды үйренгіңіз келсе осы ресурсты пайдалана аласыз, мұнда көп сабақтар бар. Кейбірі қазақша ал кейбірі орысша. Сайт жасау үшін HTML білу керек.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.