Веб сайт деген не? Браузер деген не? Сайт конструкторы деген не?

Веб сайт деген не? Веб сайт деп осы almatysite.kz сайтын атай аламыз. Бұнда басты веб бет бар, бұл almatysite.kz беті (веб бетті интернетте жиі бет деп қысқаша атайды), осыған қоса өзге беттер де бар, мысалы almatysite.kz/blog не almatysite.kz/shop сияқтылары. Соңғыларын ішкі беттер дейді. Сонымен сайт дегеніміз бірнеше не бір беттен құралған дүние.

Интернетте миллиондаған web сайттар бар. Ең танымалылары — Google, YouTube, Wikipedia, Facebook, Instagram және басқалары. Бұлардың саны бәленбай миллион. Және күнде жаңалары пайда болып тұрады.

Сайт неден құралады?

Әдетте сайт басты беттен, өзге беттерге сілтемелері бар менюден, пайдалы ақпараты бар текстен, логотиптен, сәнді суреттерден құралады:

Веб сайт деген не?

Осы сайттың үстінде логотип пен меню бар. Төменде текст пен сурет бар. Адам суретке қарап сайт не жайлы дегенді бірден ұға алады. Мысалы сұлулық салондарда қыздардың шашын, асхана сайттарында дәмді тағамдардың суреттерін қояды.

Сайт дизайның жасағанда осыны ескереді. Сайтқа қарап адам компанияның бағыт бағдарын бірден тани білуі керек. Егер сіз сайт жасауды меңгеріңіз келсе мына мақаланы оқыңыз.

Сайт конструкторы деген не?

Сайт конструкторы деген не? Сайтты жасау үшін арнайы бағдарламалар керек. Және бұны білетін маман керек. Соңдықтан сапалы сайтты жасау үшін ақы не уақыт жұмсау керек. Сайтты веб студия деп аталатын мекемелерде жасайды.

Бірақ сізге керемет сапалы сайт керек жоқ болса конструкторларды пайдалана аласыз. Конструктор сайтты жеңіл жолмен жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Әдетте сайт конструкторлары онлайн сервис ретінде болады. Мысалы Wix.com не Tilda.cc. Осы конструкторлармен сіз сайтты тез жасай аласыз.

Бұндай сайттардың сапасы тым жоғары болады дей алмасақ та көпшілік бұнысына да қанағат қылады.

Браузер деген не?

Браузер деген не? Браузер сайтты көру үшін керек бағдарлама. Сіз осы сайтты браузердің көмегімен оқып отырсыз. Браузерлер өте көп, ең танымалылары — Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera, Safari, Microsoft Edge.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.