Дизайн деген не? Сайт дизайны деген не? Веб дизайнер деген кім?

Дизайн бұл затты әсемдеу ететін әдістердің жиынтығы. Мысалы сізде ұялы телефон бар болса, оның пішіні және өлшемі қалда ұстау және пайдалану үшін ыңғайлы етіп істелген. Бұның сырт әлпетің дизайнерлер істеген. Дизайнерлер күнделікті тұрмыста пайдаланып жатқан заттарды әсемдейді.

Мынау әдемі ме?

Дизайн деген не?

Жақсы дизайны бар заттар сүйкімді боп көзге көрінеді, дизайның мақсаты да осы, яғни заттарды әсемдеу. Ешкім ұсқынсыз заттарды сатып алмайды, ешкім пайдалануға қолайсыз заттарды ұнатпайды. Мысалы интернет дүкендердің дизайны ажарлы болады, адам тауарға қызықсын деп.

Интернет дүкенді ашу жайлы мынандай мақала бар, осыны оқыңыз — как открыть интернет магазин в Казахстане.

Бәрі әсем заттарды, бәрі сүйкімді заттарды пайдалануға ынтық. Сонымен дизайн деген не? Дизайн бұл заттардың сырт пішінің әдемі, сәнді ету үшін керек ғылым.

Дизайнер деген кім?

Дизайнер деген кім? Дизайнер бұл аты атап тұрғандай дизайның маманы. Дизайнер адам болғандықтан дизайнер деген не деп қоймандар. Себебі қазақ тілінде адамды тек қана кім деп сұрастырады. Дизайнерлер болашақ өнімнің, заттың, тауардың нобайын қағаз бетінде не арнайы компьютерлік бағдарламаларда жасайды. Кейін бұның бірнеше нұсқасынан бастығы сәндісін тандап шығады.

Мысалы сізге мынандай сурет ұнай ма?

Дизайн деген не?

Бұны дизайнерлер істеген, елге, халыққа қызықты болсын деп.

Қазақстанда көп дизайнерлік мектептер бар. Талай дизайнды үйрететін колледждер, университеттер және арнайы курстар бар. Бұларға түсіп дизайнер бола аласыз. Дизайн бұл жалпы үлкен сала, бұнда сан түрлі бағыттар бар.

Веб дизайн деген не?

Веб дизайн деген не? Веб дизайн бұл интернеттегі сайттардың сыртқы бет әлпетің жасауды үйрететін сала. Сайттағы элементтердің қандай болуы керек, қандай түстерді пайдалану керек дегенді үйрететін пән. Мысалы осы сайттың әріптерін, стилін әсемдеу үшін дизайнерлер жұмыс істеген. Оқушыларға ыңғайлы болуы үшін. Сайтты пайдаланған адамдар қиналмай қалуы үшін.

Сонымен веб дизайн бұл сайт жасауда пайдаланатын құрал. Дизайны нашар сайттарды ешкім оқымайды, пайдаланбайды. Бұндай сайттардан ел аулақ жүреді. Сондықтан сайт дизайны деген не десеңіз бұл сайттағы адамдардың үмітің ақтау үшін керек құрал.

Мысалы мынандай сайт әркімді қызықтыра алады:

Веб дизайн деген не?

 

Веб дизайнер деген кім?

Веб дизайнер деген кім? Веб дизайнер бұл сайттың дизайның ойластыратын маман. Бұлардың пайдаланатын бағдарламалы — Фотошоп, Скетч және басқалары. Әсіресе Фотошоптың рөлі зор. Бұл жалпы дизайнерлер арасында зор сұранысқа ие бағдарлама.

Веб дизайнерлер компанияларда және жеке өз бетімен, яғни фриланс арқылы ақы табады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.