Интернет маркетинг деген не? SMM маркетинг деген не?

Интернет маркетинг деген не? Интернет маркетинг бұл тауарлар мен қызметтерді желі арқылы сату, жарнамалау. Мысалы көптеген сайттарда тауарларды жарнамалайтын суреттер бар, сатып ал, тез ал деген жазулары бар суреттер. Бұл интернет арқылы тауарды жарнамалау. Осы жарнамаларды көрген адамдар арасынан бұл тауарға деген қызуғышылық пайда болуы мүмкін. Кейбіреуі бұны сатып алады да.

Интернет маркетинг

Интернеттегі сайттардың көбінде жарнама бар. Бұл арқылы осы сайттар күнің көреді. Сайтты толтыру, өндеу, дизайның ауыстыру сияқты жұмыстарға қажетті қаржыны жарнама арқылы табады.

Ал кейбір сайттар интернет дүкендері боп табылады. Бұлар халыққа қажетті тауарлар мен қызметтерді онлайны сатады. Интернет дүкен жайлы мына мақаланы оқыңыз — создание интернет магазина. Және мына мақаланы — дропшиппинг.

SMM маркетинг деген не?

SMM маркетинг деген не? SMM бұл ағылшынша Social Media Marketing сөздерінің қысқартып жазылуы. Яғни SMM бұл әлеуметтік желілердегі маркетинг. Тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік желілер арқылы сату, жарнамалау SMM негізгі мақсаты.

Мысалы инстаграмда тауарларды сататын беттер бар. Косметика, киім, тамақ, иіс сулар, кремдер сияқты дүниелер әлеуметтік желілер арқылы жиі сатылады. Әлеуметтік желіде танымал адамдар осы тауарларды жарнамалағаны үшін ақы алады.

Осы себептен біраз адамдар әлеуметтік желілердегі аккаунтарына жазылушыларды жинайды. Неғұрлым жазылушылар саны көп болса, соғұрлым жарнама ақысы жоғары болады. Біраз адам танымал болу үшін видео түсіреді, жалаңаш боп суретке түседі, шашын бояйды, мұрнын теседі. Бұны танымал боп ақша табу үшін істейді.

Қысқасы SMM деген не? SMM бұл тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік желілер арқылы жарнамалау, сату. Ақша табу.

Контент маркетинг деген не?

Контент маркетинг деген не? Контент маркетинг бұл адамдарға пайдалы мақалалар жазып тауарларды жарнамалау. Адамдар пайдалы мақалаларды тауып бұны жазған компанияның тауарларын сатып алуы мүмкін.

Мысалы аурухана өз сайтында гриппті қалай емдеу керек, диабет деген не сияқты мақалалар орналастырады. Бұл ауруға тап болған адам не істейді? Интернетте мәлімет іздейді! Осы мақалаларды тауып аурухананың сайтына кіреді, сайттағы мақалаларды оқиды. Мақалалар ұнаса бұны кім жазды деп ойланып аурухананың дәрігерлерімен хабарласады. Сөйтіп аурухана өзіне клиент табады. Бұл адамды емдеп пайда табады.

Контент маркетингпен айналысқанда плагиатқа жол бермеу керек. Себебі өзгенің еңбегін пайдалану адамгершілікке жатпайды.

Контексті жарнама

Контексті жарнама бұл интернет маркетингінің бір құралы. Гуглда бұны сіз байқай аласыз:

Контекстная реклама

Мысалы телефон, пицца деп терсеңіз осындай хабарландыру көре аласыз. Бұны жасау үшін Гуглге тіркеліп бұған ақы төлейсіз. Контексті жарнамада ақы кликпен есептелінеді. Біреу бір рет басса сіз бұл үшін ақша төлеуіңіз керек. Кликі 20 тенге, 100 тенге болуы мүмкін. Бұны Гугл өзі тағайындайды.

Адам бұндай хабарландыруға басқанда өзге сайт ашылады. Сол сайтта тауар жайлы ақпарат бар. Мысалы пиццаны жарнамалайтын хабарландыруға бассаңыз пиццерияның сайтына кіресіз, бұл жерден қалаған пиццаңызды ала аласыз.

SEO оптимизация

SEO оптимизация бар. Бұл да интернет маркетингтің бір бөлігі. SEO оптимизация бұл сайттарды Гуглде жоғары орынға шығару. Адамдар қызметтер мен тауарларды Гугл не басқа ізденістік жүйелер арқылы іздейді. Адам аш болса суши деп Гуглда теруі мүмкін, терсе бірнеше сайт шығады. Осы сайттардың көбі суши жасайтын кафе мен мейрамханалар болады. Бұларға әлгі адам тапсырыс береді. Сөйтіп кафе мен мейрамханалар пайда табады.

Адам Гугл арқылы сайттардың барлығына кірмейді, тек алғашқы ондығына ғана. Ең жоғарысына көп адам кіреді, қалғандарына аздап. SEO оптимизацияның басты мақсаты сайтты, сайт тақырыбына сай Гуглде алғашқы бетке шығару.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.