Web сервер деген не? DNS сервер деген не?

Web сервер деген не? Осы сайт қалай жұмыс істейді? Осы сайттың файлдары орналасқан нөмірі 195.210.46.64-ге тең компьютер бар, бұл компьютер интернетке арнайы бағдарламалармен қосылған. Егер біреу браузерде almatysite.kz деп терсе осы компьютерде орналасқан суреттерді, текстерді көреді.

Веб сервер дегеніміз осы. Яғни HTTP-сұраулар (мысалы біреу https://almatysite.kz деп браузерде терсе бұл HTTP-сұрау болады) мен HTTP-жауаптарды қабылдайтын компьютер.

Компьютер дегенді үйдегі компьютер деп ойлап қалмаңдар, бұл арнайы жасалғаны:

Дата центр

Мұндай жүздеген не мыңдаған серверлері бар орталықты дата центр дейді.

Веб сервер деп тек компьютерді ғана емес, сонымен қатар арнайы бағдарламаларды да атайды. Ең танымал деген екі веб сервер бар — Nginx және Apache:

Web сервер деген не?

DNS сервер деген не?

DNS сервер деген не? DNS деген не? Интернеттегі барлық сайттар компьютерлерде орналасады. Бұлардың нөмірлері бар. Бұны IP адрес дейді. Мысалы осы сайт IP адресі 195.210.46.64 болатын компьютерде орналасқан. Адам баласына 102.451.24.956 не 195.210.46.64 сияқты сандарды жаттау қиын. Соңдықтан сөздерден құралған атауларды пайдаланады. Яғни домендерді, мысалы almatysite.kz немесе tendey.kz не осыған ұқсастарын.

DNS бұл сайт атына ол орналасқан компьютерді, яғни веб серверді сәйкес қоятын тәртіп. Мысалы біреу almatysite.kz деп браузерде терсе 195.210.46.64 компьютер бұған жауап береді. DNR сервер осыны атқаратын бағдарлама.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.