Стартап деген не? Стартап түрлері және стартап кезеңдері

Стартап деген не? Стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі. Мысалы Убер стартапын (Яндекс Такси) алайық. Убер компаниясы ашылмағанға дейін адамдар таксиді таксопарктерден шақырған не жолда қолын көтеріп тоқтатқан.

Қазір бұндайды көру қиын, барлығы ірі қалаларда такисді онлайн қосымша арқылы шақырады. Сіз телефоныңызға арнайы мобильді қосымшаны жүктейсіз де таксиді шақырасыз. Бағасын да алдын ала біле аласыз. Бұны қосымшадан көре аласыз. Кейін Уберден өзге бұндай стартаптар пайда болған, мысалы Қазақстанда Яндекс Такси зор сұранысқа ие.

Сонымен стартап бұл жаңа әдіс, тәсіл, жол. Бұл бизнесті дамыту. Технологияларды дамыту.

Разработка стартапа

Кейбір стартаптар интернет дүкен боп табылады. Мысалы Амазон, Ебей, Алибаба және басқалары. Интернет дүкендер жайлы мына жерде жазылған — как открыть интернет магазин.

Стартап түрлері

Стартап түрлері үшеу — көшірме, новаторлық және белгісіз. Көшірме бұл өзге елдердегіні өз елімізге әкелу. Мысалы 2000 жылдары әлемде зор танымалдыққа Фейсбук әлеуметтік жүйесі ие болған. Бұны орыстар көшіріп ВКонтакте деген әлеуметтік жүйені құрды. Бұл сәтті көшірме стартап.

Новаторлық стартап бұл жаңа идея, әдіс, тәсіл. Мысалы Убер такси қосымшасын алайық. Убер ашылғаннан кейін әлемдегі сан мың таксопарктер жабылды. Себебі таксиді ұялы қосымшамен шақыру жеңіл бола қалды.

Стартап кезеңдері

Стартап кезеңдері көп. Бұл алғашқы пайда болу. Екінші кезең стартапты іске қосу, ашу. Бірінші не екінші қадамда инвестор деген адамның көмегі керек болады. Инвестор бұл стартапқа ақша беретің адам. Инвестор стартапқа қаржы бөледі, есесіне стартаптың бөлігіне ие болады.

Үшінші кезең стартаптың үлкеюі. Бұл қадам бәріне тән емес. Кейбір стартаптар ашылып зор шығынға тап болып тез жабылады. Ал кейбірі зор табысқа ие болып жылдам дамиды.

Экспансия кезеңі бұл стартаптын өзге нарықтарға шығуы. Мысалы сіз керемет стартапты Қазақстанда ойлап тауып ашсаңыз. Және осы стартаптың пайдасы мол бола қалса. Бұны өзге елдерде — Қырғызстанда, Өзбекстанда ашуыңыз мүмкін. Бірнеше елдерді қамти аласыз. Америкадағы стартаптар алғашында өз елінде ашылады да, кейін Еуропаға, одан кейін Азияға тарайды. Сәтті болса қалған елдерге де тарайды.

Стартаптың шарықтау шегіне жетуі. Ағаш елу жыл бойы, жүз жыл бойы өсіп, өніп ақырында зор биік боп қалады. Бұдан кейін өспейді, адам да, стартап та солай. Бұл стартаптың соңғы кезеңі. Кейін стартап өзге компанияға сатылады, немесе баяғыдай жұмысын атқарып тұрады.

IT стартаптар

IT стартаптар ақпараттық технологиялар негізінде құрылады. Мысалы Facebook, Google, Twitter және басқалары. Бұлардың өндіретін тауар жоқ болады. Халыққа ұсынатыны қызмет. Іздеу қызметі, өз жайында ақпаратты желіге орналастыру қызметі, өзгемен хабарласу қызметі, сайт жасау, лендинг жасау және басқалары.

IT стартап жасағанды web сервер керек болады. Серверде мағлұмат сақталынады. Мысалы пайдаланушылардың аттары, адресі және басқа мәлімет. Оған қоса сайт керек. Домен аты да.

Қазақстандағы стартаптар

Қазақстандағы стартаптар Астана Хаб деген жерде бар. Оған қоса әрбір өңірде стартаптарды дамытатың жерлер де бар. Бұларды Атамекен сайтынан таба аласыз. Бұлардан бөлек жеке инвесторлардың стартаптары да бар.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.