Бағдарламалау деген не? Бағдарламалау тілдері мен жүйелері

Бұл әлемде сан түрлі ақпараттық дүниелер бар — ұялы телефон, компьютер, планшет, ноутбук, робот және басқалары. Бұлардың барлығының жұмысы бағдарламалау арқылы жүзеге асады.

Бағдарламалау деген не?

Бағдарламалау дегеніміз бұл бағдарламаларды жасау. Ал бағдарлама деген не? Осыны төменде түсіндіреміз.

Бағдарлама дегеніміз не?

Бағдарлама дегеніміз не? Бағдарлама бұл компьютермен белгілі бір іс әрекеттерді орындауға керек нұсқа. Мысалы сіз телефоныңызға қуаттау құрылғысын қоссаңыз телефонның экранында қуатталып жатыр деген белгі пайда болады:

Ұялы телефонды қуаттау

Бұл үшін телефонды шығарған компания арнайы бағдарлама жасайды, осы бағдарлама телефонның экранында телефонның аккумуляторы 24% қуатталды деген жазуды шығарады.

Яғни бағдарлама компьютерге белгілі бір бұйрықтарды орында деп әмір беретің нұсқа, жарлық, бұйрық. Мысалы сізге тәңертең ата-атаныз үйді жина, тамақ жаса деп бұйрық береді. Бұл да бағдарлама, сіз оны орындауға тиіссіз.

Бағдарламалар әртүрлі болады, шағындары да үлкендері де. Мысалы калкульятордағы математикалық амалдар арнайы бағдарламамен есептеледі:

Калкульятор деген не?

Сіз калькулятордың көмегімен 3*124 көбейтіндісін таба аласыз.

Бағдарламалау тілі

Бағдарламалау тілі бұл бағдарлама жазу үшін керек құрал. Мысалы танымал Php деген бағдарламалау тілінде санның квадратын былай таба аламыз:

<?php
$san = 5;
$kvadrat = $san*$san;
echo $kvadrat;
?>

Бұны тексеру үшін writephponline.com сайтын пайдалана аласыз:

Бағдарламалау тілі деген не?

Көрініп тұрғандай біз $san = 5; деген жолында $san-ға 5 деген мән бердік. Ал $kvadrat = $san*$san; жолында $kvadrat дегенге $san санның квадратын меншіктедік, $san = 5 болғандықтан $kvadrat = 5*5 = 25 тең болады. Бұны экранға шығару үшін echo $kvadrat; жолы жауап береді.

Сіз 5 орнына 3, 4, 15 қойып көріңіз, кейін Run Code пернесін басыңыз. Бағдарлама өзі қалғаның есептеп береді.

Осы Php тілдің көмегімен интернеттегі сайттардың көбі жасалған. Бұл сайт жасау үшін қолданылатын тіл. Қазіргі таңда көптеген бағдарламалау тілдері бар. Бұлардың ұзын саны бірнеше мыңнан асады. Ұялы телефондарда бағдарламалау үшін бір тіл, компьютерде бағдарламалау үшін екінші тіл, ойын жасау үшін үшінші тіл деп пайдалану бағытына сай көптеген тілдер бар.

Мысалы — Java, C++, Ruby, Python, Turbo Pascal, Swift сияқты тілдер.

Ең танымал бағдарламалау тілдері

Ең танымал бағдарламалау тілдері

HTML тілі

HTML тілі сөзсіз ең танымал бағдарламалау тілдердің бірі. Осы тілдің көмегімен сайттар жасалады. Тілді тез меңгере аласыз. Бұнымен сайттың жалпы құрылымын жасауға болады, мысалы сайтқа текстті қосу, суретті қосу деген сияқты дүниелерді жасау үшін.

CSS тілі

CSS тілі бұл сайттың дизайның жасау үшін керек тіл. Мысалы сайттағы әріптердің өлшемін, текстердің түсін осы тілдің көмегімен өзгертеді.

JS бағдарламалау тілі

JS бағдарламалау тілі бұл сайтқа қосымша мүмкіндіктер беретің тіл, мысалы сайтқа фотогалереяны қосу үшін бұл тілді білу керек. Бұған қоса осы тілдің көмегімен өзге дүниелерді жасай аласыз. Әсіресе бұның Node js деген танымал қосымшасымен.

Java бағдарламалау тілі

Java бағдарламалау тілі бұл өте танымал құрал. Осы тілдің көмегімен көптеген бағдарламаларды жасауға болады, компьютерде істейтін. Өте үлкен сайттарды да осы тілдің көмегімен жасайды.

Go бағдарламалау тілі

Go бағдарламалау тілі соңғы кезде үлкен танымалшылыққа ие болды. Бұның көмегімен сан түрлі қосымшаларды жасай аласыз. Java сияқты біл тіл әмбебап тілдердің қатарына жатқызылады. Яғни барлық жерде қолданылатын тілдерге жатады.

Бағдарламалау жүйесі

Бағдарламалау жүйесі бұл белгілі бір тілде бағдарламалау үшін керек жүйе. Әдетте қазіргі бағдарламалау тілдері жеңілдетілген түрінде құрастырылады, бұл тілде жазылған бағдарламаны компьютер ұға алмайды, бұған арнайы делдал, яғни компилятор керек. Мысалы жоғарыдағы Php тілі сондай тіл боп табылады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.