Компьютер деген не? Монитор деген не? Процессор деген не? Ноутбук деген не?

Компьютер деген не? Компьютер дегеніміз күнделікті өмірде жиі қолданылатын пайдалы құрылғы. Сіз телефон арқылы досыңызға қонырау шаласыз, ноутбукты пайдаланып интернеттен тауар аласыз, ата-ананыз еңбек ақысын картаға алады, неше түрлі сайттардан қызықты мәліметті оқисыз, қызықты ойындарды компьютерде ойнайсыз, бағдарлама жазасыз және тағы басқасы. Осының бәрі компьютердің көмегімен істелінеді.

Тіпті рефератты жазу үшін де компьютер керек. Рефератты дәптерге қолымен жаза алсаңыз да оны тапсыру үшін теріп принтерден басу керек. Әйтпесе мұғалім апайларыңыз қабылдамай қояды.

Сонымен компьютер деген не? Компьютер зор қолданыс тапқан құрылғы. Компьютер құрылымы айтарлықтай күрделі болғанмен оның негізгі принциптері қарапайым.

Джон фон Нейман болжап кеткен компьютер

Баяғыда Нейман деген ұлы математик әрі ойшыл болған еді. Сол компьютердің жалпы құрылымын болжап, анықтап берген. Ол айтқандай компьютер есептегіш құрылғыдан (процессор), мәліметті көретін экраннан (монитор), компьютерге мәлімет енгізетін құрылғыдан (клавиатура) тұру керек.

Клавиатура деген не? Пернетақта деген не?

Клавиатура дегеніміз компьютерге мәлімет енгізу үшін керек зат. Әріптері мен сандары бар тақтайша. Неше түрлі пернелері бар зат:

Клавиатура деген не?

Мысалы адам реферат жазғы келсе ол компьютерге тексті осы клавиатура арқылы тереді. Мына суретте атақты Apple компаниясы жасаған клавиатура көрсетілген.

Қазақша атауы пернетақта. Негізінен қазір кейбір оқулықтарда клавиатура дейді, ал кейбірінде пернетақта деп атайды. Ағылшынша атауы Keyboard.

Жеке компьютерлер

Apple компаниясы жеке компьютерлерді бірінші боп жасамағанмен, ол компьютерлердің таралуына ерекше көп әсер етті. Бұған дейін компьютерлер негізінен кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында бағдарламалаушылармен пайдаланса Apple компаниясының арқасында компьютерлер ел арасында тарай бастады. Apple компаниясын қалаған марқұм Стив Джобс пен Стив Возняк деген аталарына рақмет деңіз!

Монитор деген не?

Монитор дегеніміз компьютердің экраны, ауылдық тілмен айтсақ телевизоры. Осы экранға адам көре алатын мағлұмат беріледі. Мысалы фильм не бағдарламаны басқару интерфейсі:

Монитор деген не?

Осы суретте компьютерде ойын ойнап жатқан адам көрсетілген. Ойыншы экраннан ойынды бақылап отыр. Клавиатура мен тышқанның көмегімен ойынды басқарып отыр. Сонымен монитор деген не? Монитор ол экран. Осы экранда адамға керекті мағлұматы беріліп тұрады. Соған қарап адам әрекет жасайды.

Мысалы ойыншы басқарып отырған кейіпкердің алдында қауіп пайда болса ол айналып өтеді. Бұны мониторға қарап істейді.

Оған қоса дизайн жасау үшін де монитор керек. Мысалы сіз суреттерді өндегініз келсе мониторға қарап өндейсіз. Ол үшін Фотошоп сияқты бағдарламаны пайдалану керек.

Процессор деген не?

Процессор деген не? Процессор ол компьютердің басы, ми мен жүрегі. Ол неше түрлі амалдарды орындап компьютердің өзге бөліктеріне бұйрық беріп отырады. Экранда нені көрсету, принтерде нені басу деген сияқты дүниелер осы процессордың бақылауымен жүзеге асады.

Адам компьютерде есеп шығарғысы келсе оны осы процессор есептейді. Сонымен процессор компьютердің миы десек қателеспейміз. Адамның іс-қимылына ми жауапты болса, компьютердің жұмысына процессор жауапты.

Компьютердің ішінде сымдар мен платалар арасында мынандай зат болады:

Процессор деген не?

Процессор дегеніміз осы. Қазіргі таңда Intel компаниясының процессорлары зор қолданыс тапқан. Көптеген компьютерлерде осы компанияның процессорлары орнатылған.

Жүйелік блок

Компьютер іске қосылу үшін неше түрлі электрондық құрылғылар пайдаланады. Мысалы тоқ өшсе өзі біраз жұмыс істей алу үшін пайдаланатын аккумулятор, компьютер қызып кетпеу үшін пайдаланатын желдеткіш және басқалары. Осыны арнайы қорапта орналастырады (суреттің сол жағында орналасқан қорап):

Жүйелік блок деген не?

Сонымен жүйелік блок деген не? Жүйелік блок ол процессор, желдеткіш, аккумулятор және басқа керекті дүниелер орналасатын орын.

Мобилді девайстар

Ноутбук, смартфон (ұялы телефон), планшет, смарт сағат дегендері де компьютер болып табылады. Бір ғана ерекшелігі олар мобилді яғни тасымалдауға ынғайлы етіп жасалған. Оған қоса кейбір бөліктері біріктірілген. Мысал телефонның беті әрі монитор әрі пернетақта боп табылады.

Ал жүйелік блогы құрылғының ішінде орналасқан. Монитор бөлек, пернетақта бөлек емес. Бәрі бірге осындай құрылғыларда.

Компьютер зияны

Адам күні бойы компьютерде отырса өз ағзасына зиянды әрекет етеді. Себебі көзге неше түрлі сәулелер түседі, қозғалмай отырған соң арқаға салмақ тиеді. Соңдықтан жарты сағат сайын үзіліс жасап тұру керек. Мысалы мен Ruby тілінде бағдарлама жазып отырғанда анда-санда үзіліске шығып жаттығу жасаймын. Тұрып, отырып, көзді жұмып-ашып, алысқа қарап, кейін жақын жерге қарап дегендей.

Үзіліс жасау өнімді жұмыс істеудің кепілі екен. Баяғыда мен бірнеше сағат бойы компьютер экранына қарап телміріп отыратын едім. Мысалы үлкен бағдарлама жүктеліп жатса. Сондайда мен шаршап, нәтижелі ойлай алмай қаламын екен. Соңдықтан демалыс жасауды қолға алып жұмысым енді өнімді, еңбегім сәнді бола бастады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.