Анимация деген не? Анимация жасау мен компьютерлік анимация

Анимация деген не? Анимация бұл заттарды қимылдату, қозғалту, мультипликация жасау:

Анимация деген не?

Мысалы қазіргі заманда көп мультфильмдер жасалады, бұлардың барлығы анимация. Немесе сайтқа интерактивті, қозғалатын элементтерді жасайды бұл да анимация.

Компьютерлік анимация

Компьютерлік анимация бұл компьютерде арнайы бағдарламалармен жасалады. Компьютерлік анимацияны жасау үшін арнайы бағдарламалар керек, мысалы Adobe Animation сияқтысы:

Сендер бұл бағдарламаны компьютеріңізге жүктеп анимация жасай аласыз, бағдарламаны бір ай пайдалану тегін. Youtube-тан бұл бағдарлама жайлы видео сабақтарды таба аласыз. Осы бағдарламамен кәдімгі мультфильмдерді жасай аласыз, кезінде осы бағдарламамен талай баннерлерді жасаған едік, ол кездегі бұның аты Adobe Flash еді, кейін атын өзгертті. Adobe компаниясы Фотошоптың иесі.

Компьютерлік анимация бұл компьютерде арнайы бағдарламалармен жасалады. Adobe Animation-нан басқа бағдарламалар бар, кейбірі бұдан да жеңілдеу.

Мультфильм жасау

Сіз осы бағдарламада (Abobe Animation-де) мультфильм жасай аласыз. Себебі бұған керектінің бәрі бар. Оған қоса бұл жеңіл болады. Негізінен осындай бағдарламаларды пайдаланып талай мультфильмдер жасалған еді. Баяғыда мультфильм жасау үшін көп маман керек болса, қазір бұлай емес.

Негізінен компьютерлік анимацияның көмегімен көптеген мультфильмдер жасалған еді. Қазіргі заманда бұл мультипликацияның негізгі бағыты боп саналады.

Анимация

Анимация компьютерлер пайда болғанға дейін болған еді. Баяғыда мультфильмдерді қағазға сурет салып жасаған. Бұл үшін кадр деген ұғымды пайдаланған. Бір сурет бір кадр. Мысалы бірінші кадр мынандай:

Кадр деген не?

Ал одан кейінгі кадр мынандай (қағаз ұшағымыз солға сәл қозғалды):

Кадр деген не?

Екі суреттің айырмасы шамалы. Адамға секунд сайын осындай бір суретті көрсетсеңіз адам көзі бұны үзіліссіз қозғалыс деп танымайды. Ал егер суреттер саны, яғни кадр саны секунд сайын көп болса, адам көзі мұны үзіліссіз қозғалыс деп таниды. Секундына 24 кадрдан артық көрсетілсе адам көзі бұны үзіліссіз қозғалыс деп таниды. Адам көзі жеке жеке кадрларды байқай алмайды екен.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.