Транзакция деген не? Транзакция ол шоттан ақша аудару

Транзакция деген сөздің неше түрлі мағынасы бар. Банкте транзакция деп ақша аударуды атайды. Мысалы сіз өз шотыныздан досынызға елу мың тенге жібердіңіз делік, мобильді қосымшаның көмегімен. Сонысы транзакция боп табылады. Тауар сатып алғанда да осындай тірлік жасалады. Ақша бір адамның есеп шотынан дүкеннің шотына ауысады.

Транзакция деген не?

Банктерде неше түрлі транзакциялар бар. Кредиттті төлеу, депозитке пайыз қосу, лизингке ақша беру, ипотеканың ақшасын төлеу, жұмысшыларға жалақы беру, салық төлеу және басқалары. Сондай транзакциялар өте көп. Осындай тірлік сайт арқылы не мобильді қосымша арқылы жасалуы мүмкін.

Транзакция SQL тілінде

Осы айтқанымыз банк саласына қатысты. Сонымен қатар осы термин информатика ғылымында да қолданылады. Ақпараттық технологияларда да көп айтылады. Мысалы сіз дүкенге барып тауар алдыңыз делік. Ол тауар тегін емес. Ауылда болса қарызға ал қалада онлайн төлем не қағаз ақшамен. Онлайн төлеу үшін:

  1. Сіздің шотыныздағы баланс тексеріледі;
  2. Сіздің шотыныздан бір сомма алынады. Мысалы екі мың тенге;
  3. Сіздің шотынызды екі мың тенгеге азайған. Соны сақтайды;
  4. Дүкен шотының балансы қаралады;
  5. Дүкен шотына осы екі мың тенге аударылады;
  6. Дүкен шотын сақтау.

Демек ақша аудару үшін алты әрекет жасадық. SQL тілінде осы әрекет жасалады. Осыны транзакция деп атайды. Транзакция ол SQL Мәліметтер Базасында бір іс жасау. Оны жасау бірнеше қадамға созылады. Транзакция дегеніміз осы. Егер тоқ өшіп қалса транзакция істелмей қалады. Ақша аударылмайды. Және ол ақша сіздің шотыныздан жоғалып кетпейді. Бағдарламалау тілдерінде осындай программалар жазылады.

Сонымен транзакция SQL тілінде ол тізбекке созылған амалдар. Бір әрекет ету. Ол қадамдар бірімен бірі байланысқан. Бір қадамда ақау пайда болса бүткіл қадамдар іске қосылмай қалады. Node js сияқты тілдерде осы әрекет паралелль етіп жасалады.

Адам бір шоттан екінші шотқа ақша аудару үшін оның қосымшасы не сайттағы кабинеті парольмен сақталуы тиіс. Адам бөгде азаматтың кабинетіне кіре алмау керек. Әрбір адамның өзінің ғана кабинеті бар болуы шарт. Бағдарламалау тілдерінде бұны авторизация деп атайды. Неше түрлі сайт не мобильді қосымша жасағанда сонысы пайдаланады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.