Ақпарат деген не? Ақпараттық технологиялар

Ақпарат деген не? Ақпарат бұл мәлімет, пайдасы бар не жоқ әйтеуір бір мағлұмат. Мысалы кеше ойнаған «Қайрат» пен «Тобол» футбол командаларының есебі 2:3 боп шықты. Бұл не? Бұл ақпарат. Осы ақпаратты білу үшін көп адам стадионға барып асық болады.

Ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологиялар аты айтып тұрғандай ақпаратты — өндеу, сақтау, тасымалдау сияқты дүниелермен байланысты технологиялардың жалпы атауы. Негізінен бұл компьютермен, телефондармен және жалпы электрондық құрылғыларымен байланысты.

Мысалы сіздің ұялы телефоныңызда достарыңыздың, туысқандарыңыздың, сыныптастарыңыздың телефондары бар. Бұл не? Бұл ақпарат, көп адамның нөмірі бар телефонның контакт кітапшасы мәліметтерге толы. Бұны енгізу, сақтау үшін арнайы бағдарламалар керек. Оған қоса осы мәліметті өндей аласыз да, мысалы контактілерді алфавиттік тәртіппен орналастыра аласыз. Ақпаратты өндеу дегеніміз осы.

Ақпараттық технологиялардың пайдасы

Ақпараттық технологиялар бұл заманда басты назарда, себебі экономиканың осы саласы тез әрі жылдам дамып келе жатыр, жыл сайын жаңа өнімдер мен бағдарламалар пайда болады. Адамдардың пайдасына тиіп жатқандары мол. Мысалы телефон, баяғыда телефон тек үйде ғана тұратын еді әрі оны қосу үшін көп ақша және көп уақыт тосу керек еді, ал қазір бес минутта қалаған телефонды сатып ала аласыз және онымен қалаған жерге қоңырау шала аласыз.

Немесе телефонмен не планшетпен достарыңызды суретке тез түсіре аласыз, бұл да баяғыда қиын еді, суретке түсу үшін фотографты жалдау керек еді және түскен фотоны алу үшін бірнеше күн тосу керек еді. Ал қазір бес секунда суретке түсе аласыз және бұны қағаз бетіне қас қағым уақытта принтермен баса аласыз. Керемет емес пе? Бұл ақпараттық технологиялардың тез, шапшаң дамуының арқасында.

Немесе сіз өзіңізге керек құжаттарды Халыққа Қызмет Көрсету Орындарында ала аласыз, бұны тез әрі оңай істей аласыз. Бұл да ақпараттық технологиялардың жемісі, өйткені сан түрлі мекемелердегі (мектептің, университеттің, полицияның, дәріханалардың және басқалары) сан түрлі мағлұмат бір жерде сақталады.

Сіз өзіңізге керек мағлұматты қай жерден табасыз? Гугл мен Яндекстен шығар? Ал баяғыда мағлұматты табу үшін кітапханаларға барып том-томдаған энциклопедияларды ақтарып іздеуге мәжбүр болдық. Қазір бір планшетке 1000 000 кітап сыйып кетеді. Яғни керек кітабінді арқалап жүрмей ақ керек кезінде оқи аласыз.

IT деген не?

Information Technology бұл ағылшынша ақпараттық технологиялар деп аударылады, көбінесе IT деп қысқаша бұны пайдаланады. Яғни ақпараттық технологиялар мен IT дегені бір. Соңдықтан IT деген не? Деп біреу сұраса, бұл ақпараттық технологиялар деп жауап қайырыңдар.

IT мамандықтар сан алуан. Компьютерді жасау мен жөндеу, интернет сымдарын тарту, күрделі бағдарламаларды жасау, сайт жасау, смартфонға ойын жасау, смартфон мен компьютерге қосымша жасау және басқалары.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.