IP деген не? dns деген не? http деген не?
IP деген не? IP ол компьютердің нөмірі. Әрбір компьютерде сай келетін нөмір бар. Оны сіз онлайн көре аласыз. Гуглда ip online деп бассаңыз болғаны. Неше түрлі сервистер сізге адресіңізді аңықтай алады.
IP арқылы адамды табуға болма ма?
Біреу интернетте басқаларды балағаттаса, боқтаса оны соттау мүмкін. Ондай адам фейк аккаунт арқылы фейсбук сияқты әлеуметтік жүйеге кіргеннің өзінде оны табуға болады. Осы IP адресі арқылы. Сондықтан байқап жүрініз. Өзгелерге байқап сөйленіз. Әйтпесе сіз атынызға арыз жазып сізді соттау мүмкін.
Адамды таба алмау үшін неше түрлі сервистер бар.
dns деген не?
Интернеттегі сайттардың барлығы линукс сияқты операциондық жүйесі орнатылған серверлерде орналасады. Бәрі болмаса көбі осы линуксте. Аз бөлігі виндоустың серверлік операциондық жүйесін пайдаланады. Ол кәдімгі виндоус емес, онда эксель мен ворд жоқ. Ол оның серверлік нұсқасы.
Демек сайт серверде орнатылғандықтан оның айпи адресі арқылы ашуға да болады. Бірақ адамдарға сан арқылы берілген IP адрестерді жаттау қиын. Сондықтан олар домендерді пайдаланады. Мысалы almatysite.kz сияқты.
ДНС ол сайттың IP адресін доменге бағыттайтын құрал. Бағдарлама. Код. Әрбір сайттын DNS жазулары бар. Соларды қойып сайтты файлдар жатқан сервермен қосуға болады. DNS жазбалары өте көп. Оларды сіз сайт алған жерде жазасыз.
http деген не?
http ол серверге сұраныс жіберетін әдіс. Сіз браузерде http://google.com деп жазсаңыз ол бірден google.com сайты орналысқан сервермен сізді қосады.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.