Windows деген не? Microsoft деген не?

Windows ол компьютерге орнатылатын операциондық жүйе. Қазрігі таңда неше түрлі операциондық жүйелер бар. Мысалы телефонда Андройд не iOS. Ал программистерде негізінен Линукс тұрады. Виндоус ноутбуктердің көбінде орнатылған. Оның көмегімен ворд, ексель сияқты программалар орнатылады.

Windows деген не?

Виндоустың басты ерекшелігі ол визуалды болуында. Керекті бағдарламаларды экрандағы сілтемелерге тышқанмен басып аша аласыз. Бағдарламаларды тышқанды басып жүктей аласыз. Файлды ашу не оның атын өзгерту үшін ол файлға баса саласыз.

Microsoft деген не?

Microsoft дегеніміз осы виндоусты жасаған компания. Оның негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс. Журнал мен газеттерде жиі интервью беретін адам. Оны білетін шығарсыз. Жер беті адамға лық толы, ғаламдық жылыну қауіпті сияқты мақалаларды жазған адам.

Виндоустың бір ерекшелігі ол компьютерді жөнді білмейтін адамдарға қолайлы. Сіз осы жүйеде неше түрлі бағдарлама орната аласыз. Ол үшін бағдарламаның сайтына барасыз да виндоусқа арналған жүктегішті өз ноутбукке жүктейсіз. Кейін ары қарай, ары қарай деген кнопкаларды басасыз.

Мысалы фотошопты осылай орнатуға болады. Немесе PDF үшін керекті Adobe Reader дегенді. Оларды орнату оңай. Виндоустың тағы бір ерекшелігі оған деген орнатылатын бағдарламалардың көптігінде. Виндоус әлемдегі ең танымал операциондық жүйе болған соң оған арналған бағдарламалар да көп. Және олар бір рет жасалып кейін ұмытылып қоймаған. Керісінше даму үстінде.

Мысалы қаншама ойын осы операциондық жүйеге арнап жасалған. Бірақ осы жүйе әлсіз, арзан ноутбук пен компьютерлерге қолайсыз боп тұр. Себебі осы жүйені орнату үшін. Және ол ойдағыдай жұмыс істей алуы үшін қаншама операциондық жады керек. Бір, екі не төрт гигабайттық операциондық жады тым аз болады. Ондайда линукске көшу абзал.

Билл Гейтс деген кім?

Билл Гейтс алғашқы жеке компьютерлерге арналған операциондық жүйені шығарған адам. Ірі программист. Бейсик сияқты тілдерді дамытқан адам. Қазір Майкрософт компаниясы жасаған не дамытып жатқан бірнеше тілдер бар. Мысалы ASP, NET сияқтылары.

Билл Гейтс Илон Маск сияқты өз пікірін көп мәрте рет білдіретін адам. Негізі анау сияқты біртүрлі адам. Кейде түзу сөз айтса, кейде оттап отырады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.