Linux деген не? UNIX деген не? Ubuntu деген не?

Операциондық жүйе деген не? Компьютер адам тілін ұға алмайды. Компьютер ішіндегі плата, транзистор, аккумулятор, экран сияқты заттар бір бірімен арнайы тілде, машиналық тілде хабарласады. Оны былай көрсете аламыз:

Операциялық жүйе

Осы суретте сары түспен User деген бар. Ол компьютерді пайдаланатын адамдар. Сізбен біз. Жасыл түспен Application Software дегені жазылған. Ол неше түрлі программалар. Бағдарламалар. Мысалы ворд, эксель, пошта, сайтты ашу үшін керек браузер, инстаграм, фейсбук сияқты қосымшалар. Қызыл түспен Operation System дегені көрсетілген. Және көк түспен Hardware дегені жазылған. Ол компьютер платасы.

Көріп тұрғандай операциондық жүйе делдал боп табылады. Hardware мен адамдарға керекті бағдарламалар арасында. Мысалы ворд сияқты текст жазуға арналған бағдарлама мен компьютер ішіндегі платалары арасында.

Linux деген не?

Linux деген не? Ол керемет операциондық жүйе. Соның арқасында интернеттегі сайттардың көбі істеп тұр. Оның неше түрлі варианттары бар. Оларды диструбутивтер деп атайды. Ең танымалы Ubuntu, Centos пен Debian. Линикс баяғыда консоль арқылы ғана істей алатын еді. Сіз хакерлерді фильмдерде көрген шығарсыз:

Терминал деген не?

Адам осыған неше түрлі комманда еңгізеді де экранда неше түрлі жазу пайда болады. Қазір де осындайы бар. Мысалы консольге pwd деп жазсаңыз ол сіз орналасқан папканы көрсетеді. Мысалы /var/www/html деп. Ал осы консольге cd /var/www деп жазсаңыз ол /var/www папкасына ауысады.

Сонымен қатар линукстың десктоп нұсқасы да бар. Ол кәдімгі виндоус сияқты жұмыс істейді. Ішінде ворд, эксель сияқты бағдарламалары бар. Дәлірек айтсақ оларды алмастыратын тегін нұсқалар. Кейбір фотошоп сияқты бағдарламалар линуксте жоқ.

Ubuntu деген не?

Ubuntu ол линукстың бір дистрибутиві. Яғни бір вариациясы. Өз алдына бөлек операциондық жүйе. Оның көмегімен неше түрлі сайттар интернетте жұмыс істеп жатыр. Мысалы осы сайт убунтудің серверлік нұсқасында жатыр. Оған қоса осы операциондық жүйенің десктоп нұсқасы да бар. Яғни ноутбук пен компьютерге арналғандары.

Мен программист ретінде бірнеше жыл бойы убунтудың десктоп нұсқасын пайдаланып жатырмын. Өте жылдам жұмыс істейді, тегін, барша керекті бағдарламалар бар. Гугл хром, ворд, эксель, пошта сияқтылары осында бар. Және ол тегін. Виндоус құны кейде компьютер құнымен тең болады емес пе. Мынау болса тегін.

Оған қоса виндовстағыдай жиі қажет ететің жаңартулар үшін компьютер жұмыс істей алмай қалуы да жоқ. Сонымен убунту екі нұсқаға ие операциондық система. Серверлік пен десктоп.

UNIX деген не?

UNIX деген сонау заманда пайда болған операциондық жүйе. Оның басқаларынан айырмашылығы ол бірнеше клиентке бір уақытта қызмет ете алады. Линукс осының негізінде жасалған. Қазіргі сайттар бірнеше адамға бір уақытта қызмет алады емес пе. Сонысы осы жүйеден бастау алады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.