Аутентификация деген не? Авторизация деген не? Идентификация деген не? Идентификатор деген не?
Аутентификация деген не? Ол шыңайы екенің тексеру процедурасы. Мысалы адам сайтқа пароль еңгізеді. Оның рас болуын тексеру осы аутентификация. Полиция көлік жүргізушіне құжаттарды көрсетіңіз деп айтуы мүмкін. Оның мақсаты сол құжат арқылы осы көлікті және азаматты тексеру.
Осы көлік иесі кім? Көлік жүргізуші кім? Құжатта көрсетілген фотоға бір қарап, адамға бір қарап оның сол азамат екеніне көз жеткізеді. Соны аутентификация дейді. Суреттен бөлек саусақтағы іздер арқылы да адамды тани аламыз. DNA арқылы да.
Неше түрлі сайттарда жеке кабинет бар. Ол жерге жиі пошта мен пароль арқылы кіреді. Онысы сайтта былай болуы мүмкін:
Сіз осы жерге өз пошта мен паролді еңгізесіз. Ол мағлұмат серверге барып тексеріледі. Мәліметтер базасында сондай жазба бар болса сіз кабинетке кіре аласыз. Аутентификацияны неше түрлі серверлік бағдарламалау тілдерімен жасауға болады. Мысалы PHP, Python, Ruby.
Авторизация деген не?
Авторизация ол белгілі бір тірлікті рұқсат ету. Мысалы сіз фейсбук деген әлеуметтік желіге кірдіңіз. Пошта мен паролді теріп. Демек аутентификациядан өтіп. Енді сіз басқаларға хабар жібере аласыз. Сол кабинетте. Оған рұқсат бар. Сол кабинетте өз атыңызды, фотонызды қоса аласыз. Сізге бұған рұқсат бар. Демек осы ретте сізге авторизация берілді деп айтуға болады.
Неше түрлі сайттар бар. Солардың көбінде осындай авторизация бар. Мысалы CMS WordPress деген жүйеде адам админкаға кіріп сайтқа неше түрлі мақала қоса алады. Мына сайтта солай мақала қосылып жатыр. Бөгде адам қоса алмайды. Өйткені оларға жол жоқ. Олар аутентификация өтпеген соң авторизацияланбайды. Windows, Linux сияқты операциондық жүйелерде авторизация бар. Оны сіз өз қалауыңызбен баптай аласыз.
Идентификация деген не?
Дүкендегі әрбір тауардың штрих коды бар. Онысы тауар қабында жазылады. Былай етіп:
Бұл штрих код арқылы дүкендегі бағдарламалар тауарды аңықтайды. Оның атын, бағасын. Сканермен қарай салса болғаны тауар аты кассада пайда бола қалады. Әрбір тауардың өзіне ғана тән штрих коды бар. Ал дүкен кассасында тауарлар жазылған. Демек бір тауарға бір штрих код сәйкес келеді. Штрих кодқа қарап тауар атын және оның кассадағы нөмірін тани аламыз.
Осыны идентификация деп атайды. Яғни бір затты белгі арқылы нөмірін тану. Адамның саусақтарының іздері арқылы азаматты тани аламыз. Осыны да идентификация деп атаймыз. Оның нәтижесінде адамның «нөмірі», ЖСН аңықталады. Осы жерде адамның ЖСН оның идентификаторы ал саусақ іздеріне қарай адамды тани қалу идентификация деп аталады.
Сонымен идентификатор деген не? Ол белгілі бір дүниеге сәйкес қойылған нөмір. Дүкендегі тауарлардың нөмірлері кассаның бағдарламасына 1, 2, 3 деп жазылуы мүмкін. Ал адамдардың нөмерлері ретінде ЖСН пайдалана алады. Бір адамға бір ЖСН сәйкес келеді. Тағы бір мысал ол IP. Әрбір компьютерге бір нөмер сәйкес келеді. Сонысы IP деп аталады.
Бір заттың қасиеттері арқылы идентификаторды табу идентификация деп аталады. Мысалы сіз әлеуметтік желіге тіркелдіңіз делік. Сіздің идентификаторыңыз ол жерде де бар. Мысалы 1 200 943 пайдаланушы дегендей.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.