Робот деген не? Робототехника деген не? Робот түрлері
Робот деген не? Робот дегеніміз белгілі бір механикалық жұмысты жасауға арналған автоматты құрылғы. Мысалы көлік жасау зауыттарында арнайы бағдарламаланған құрылғылар металды өздері майыстырады, дәнекерлейді, бояйды:
Бұрында көлік өндірісінде металды адам майыстырып дәнекерлесе енді осы жұмысты арнайы автоматтандырылған құрылғылар — роботтар жасайды. Көптеген салаларда осындай роботтар пайдаланады.
Робот түрлері
Робот түрлері сан алуан болуы мүмкін. Мысалы құрылымы жағынан андроид (адамға ұқсас етіп жасалған) және биоробот (адам мүшелерін пайдаланатын) болуы мүмкін. Жапонияның кейбір кафелерінде адам емес робот қызмет етеді екен. Сізге шай не кофе құйып бере алатын роботтар бар екен. Жұмыртқадан омлет пісіре алатындары да бар. Олардың бер әлпеті адамға ұқсас етіп жасалады.
ИСО деген үлкен ұйымы роботтар түрлері пайдалану саласына байланысты өнеркәсіптік және сервистік деп бөледі.
Өнеркәсіптік дегеніміз машина жасауда, тау-кен өндірісінде және тағы басқа өнеркәсіппен байланысты салаларда пайдаланатын роботтар. Мысалы көлік жасауда пайдаланатын роботтар өнеркәсіптік болады.
Сервистік дегеніміз адамға көмектесетін роботтар. Мысалы үйді тазалайтын мынандай робот шаңсорғыштар бар екен:
Бұлар үйді өздері тазалайды. Сіз оған мына жерді жу, ана жерді сүрт демейсіз. Өзі іске қосылады, өзі еденді тазалайды. Қысқасы бар жұмысты өзі істейді.
Пайдалану жолына байланысты роботтардың түрлері сан алуан боп бөлінеді. Көлік, әскери, нано робот (өте шағын), дәріханалық робот және басқалары.
Балыққа ұқсайтын, жыланға ұқсайтын, құмырсқаға ұқсайтын роботтар да бар. Негізінен роботтардың түрлері өте көп. Және жыл сайын оларды пайдалану салалары да ұлғайып жатыр.
Робототехника деген не?
Робототехника деген не? Робототехника дегеніміз роботтарды жасауды үйрететін пән, сала, ғылым. Қолдан робот жасау курстары елімізде бар. Бұндай сабақтарда бағдарламалауды, қозғалтқыштардың көмегімен қозғалатын құрылғыларды жасау сияқты дүниелер оқытылады.
Мысалы жолдағы бөгеттерді орағытып өтуді үйренген қарапайым роботтарды жасауды үйретеді:
Осы роботтың алдында датчик бар. Ол жолдағы тосқауылды көріп бағдарламаға сигнал жібереді. Содан кейін арнайы бағдарламаның көмегімен роботқа бұрыл деген әмір беріледі де робот бөгетті айналып өтеді. Барлық робототехника сабақтарында осыған ұқсас роботтар жасалады.
Ал оған ақыл үйрету бағдарламалаудың көмегімен іске асады. Соңдықтан жақсы робот жасау үшін бағдарламалауды да білу керек. Мысалы Python сияқты әмбебап бағдарламалау тілін үйрену керек. Айтпақшы осы тіл жайында бізде сабақтар бар.
Сонымен робот дегеніміз адамға көмектесетін автоматты құрылғы. Роботтар түрлері өте көп. Робототехника дегеніміз роботты жасауды үйрететін пән.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.