Растрлық графика деген не? Кескін деген не? Пиксель деген не?
Пиксель дегеніміз ол бір кішкентай нүкте, экран бетіндегі шағын нүкте. Оны қалай көруге болады? Суретті үлкейтіп көре аламыз. Мысалы біз кішкентай, еңі бар жоғы шамамен 250 пиксель болатын суретті үлкейтейік:

Осы суреттегі кішкентай тік төртбұрыштар біз айтып отырған, не поверишь Қарлығаш, сол прям пиксель боп табылады, дәл өзі, правду говорю. Экран беті осындай пиксельдерден құралған. Экрандағы пиксель саның білу үшін оның смартфон құжаттарын көру керек. Мысалы 16 айфон экранының өлшемі 2556*1179 пиксель. Бұл дегеніміз ұзындығы бойынша 2556 пиксель ал еңі 1179 пиксель. Демек экран бақандай 2556 бөлікке бөлінеді. Осы экранның сантиметрмен есептелген өлшемі 14,76*7,16 см болады.
14,76 дегенді 2556 бөлеміз. 14,76/2556 = 0,00577 см. Демек айфон экранындағы бір пиксельдің өлшемі шамамен 0,00577 см болады. Яғни шаштын қалындығынан шамамен 57 есе көп. Бұны әлбетте сіз байқай алмайсыз. Адам көзі бұндайды ажырата алмайды. Негізі соңғы 10-15 жыл бойы шығарылып жатқан девайстардың бәрі пиксель саның көбейтуге тырысады. Неге? Өйткені пиксель саны неғұрлым көп болса экраннан көрінетін заттар соғұрлым сәнді болады.
Біз сайт жасағанда көбіне өлшемі ірі кескіндерді пайдаланамыз. Себебі ірі суреттер сәнді боп көрінеді. Мысалы слайдерге еңі кем дегенде 2000 пиксель болатын кескіндерді таңдаймыз. Бірақ бір жаман жері ірі кескіндердің өлшемі де көп болады. Кескіннің өлшемі көбіне КилоБайтпен есептеледі. Егер бір сурет 150 КилоБайт болса ол жарап кетеді, ал егер 2000 КилоБайт болса тым көп болуы мүмкін. Ондай суреттері бар сайттарды кейбір жерлерде аша да алмай қаласыз. Мысалы интернеті нашар ауылдарда.
Кескін деген не?
Кескін дегеніміз бір заттын бейнесі, суреті, жалпы бір белгісі. Мысалы сізде смартфон бар болса оның көмегімен жапырақтын фотосын оңай жасай алуға болады. Осы фото кескін болады. Ол осы жапырақты бейнелеп тұр, сізге қандай болғаның көрсетіп тұр. Осыны кескін дейді. Кескін ол бір затты айқындап көрсету, белгілеу. Тағы біреу сурет салуға мықты болса осы жапырақтын суретін де сала алады. Ол да кескін болады.
Демек кескін бір затты бізге көрсету, елестету, айқын етіп жеткізу үшін жасалған туынды. Кескін деп мүсінді де айта аламыз. Мысалы Қазақстанда қаншама ескерткіш бар. Батырға, ақынға, биге, шешен мен ханға арнап құйылып көше бойында орын тауып тұрған қаншама мүсін бар. Солар да кескін боп табылады. Қазір Жасанды Интеллект көмегімен неше түрлі кескіндерді онлайн да жасауға болады. Неше түрлі алгоритмдерге негізделген қаншама онлайн сервистер бар. Мысалы мен Freepik.com деген сервисте Қазақстан деп тердім де ол маған мынандай суретке ұқсас кескінді жасап берді:

Оны қалайша жасады дейсіз? Енді бәріне белгілі емес пе, қазақ елі көшпелі болды, қой бақты, сол қойды баға алатын алып жерге де ие болды. Таулар да жоқ емес елімізде бар. Осының бәрін біріктіріп робот маған осындай кескінді жасап берді. Негізі интернет дүкен жасағанда, не лендинг жасасақ көбіне осындай сурет жасайтын генераторларды пайдаланамыз.
Растрлық графика деген не?
Растрлық кескін пиксельдерден құралады. Сіз телефонмен біреуді фотоға түсірсеңіз ол сурет растрлық болады. Неге? Себебі осы сурет қаншама пиксельден құралады. Осы керемет, шедевр мақаланың үстінгі бөлігіндегі сурет растрлық болады. Себебі ол пиксельдерден құралған. Оны өзіңіз де байқап отырған шығарсыз.
Растрлық графика осындай кескіндерден құралған. Расрлық графикамен жұмыс істеу үшін Фотошоп, Онлайн Фотошоп, Пойер Пойнт сияқты графикалық бағдарламалар бар. Осы сайтта Фотошоп сабақтары бар. Соларды оқып растрлық графика шебері бола аласыз. Ондай адамдарды қазір веб дизайнер дейді.
Растрлық форматтар
Растрлық кескіннің неше түрлі форматтары бар. Оны білетін де шығарсыз. Ең танымал формат ол JPG не JPG. Көбіне суреттер осы форматта жасалады. Интернеттен неше түрлі кескіндерді жүктесеңіз көбі осы жпег форматында болады. Тағы бір танымал формат ол PNG. Пнж көмегімен фоны мөлдір болатын кескіндерді жасауға болады. Және ең соңғысы ол GIF. Джиф көмегімен мөлдір фонды жасауға болады. Сонымен қатар оның көмегімен анимация да жасай аламыз.
Негізі осы үш формат қаншама жылдар бойы интернетте ең танымал, ең керекті, ең құнды болды. Бірақ сонғы жылдары басқа форматтар да шыға бастады. Мысалы WEBP, TIFF сияқтылары.
Сонымен телефондағы әрбір фото пиксельден құралады. Пиксель ол растрлық графиканың негізі. Растрлық графикада сурет пиксельден құралады. Зат атомнан құралса, растрлық сурет пиксельден құралады.