Жасанды интеллект деген не? Жасанды интеллект пайдасы

Жасанды интеллект деген не? Жасанды интеллект дегеніміз адам сияқты ойлайтын және үйрене алатын жүйе не машина. Баяғыда адам ғана шеше алатын есептерді енді компьютердің де қолынан келеді. Мысалы адам бейнесін ажырату. Компьютерде неше түрлі адамдардың суреттері жүктелген. Солардың ішінен ол бір не ұқсас адамдарды ажырата алады.

Жасанды интеллект

Айфонға кіру үшін Фейс айди деген бағдарламадан өту керек. Сіздің бетіңіздің суретін түсіреді де сіз бе, әлде басқа адам ба екенің анықтайды. Мақсаты бөгде адамға телефондағы мәліметті көрсетпеу.

Жасанды интеллект пайдасы

Жасанды интеллект пайдасы мол. Қазір компьютерлер сурет сала алады. Шахмет ойнай алады. Неше түрлі есептерді шығара алады. Демек оның пайдасы зор.

Жасанды интеллект медицинада

Кейде адам қатты ауырса бірден емделе алмай ұзақ науқастанып жүруі мүмкін. Себебі дәрігерлер науқастың немен ауыратының бірден біле бермейді. Алғашында жүрек деп қалса кейін бүйрек сыр бере жатыр деп айтуы мүмкін. Бірнеше аурудың белгілері ортақ болады екен. Және бұндай жағдайда не іш, не жүрек ауру деп дөп баса айта алу қиын. Яғни адамның немен ауыратының аңықтау қиын.

Адам немен ауратын деген сұраққа жауап беру кейде оны емдеуден қиын болады екен. Әсіресе онкологиялық ауруларда. Егер онкология ауруы лезде анықталса оны емдеу қиын болмайды. Зақымдалған жерді лазермен күйдіре салады. Ал егер асқынса оны емдеу қиын болады. Кейде тіпті мүмкін де болмайды. Мысалы ауру ми ішінде болса.

Жасанды интеллект медицинада бірте бірте кеңінен қолдана бастап келек жатыр. Әсіресе ауруларды дер кезінде анықтауда. Яғни диагностикада. Жасанды интеллекті бар жүйелер миллиондаған  суреттерді қарап ауру белгілерін анықтау жолын үйреніп адамның ауру не сау екенің лезде анықтай алады екен.

Ол науқас және сау адамдардың рентгенге түскен суреттерін салыстыра келіп диагноз қоюды үйрене алады екен. Және кейде адам таба алмаған ауруларды анықтай алады екен. Адам компьютер түгіл калькулятордан баяу есептейді емес пе. Сол сияқты диагностикада компьютер адамды озып бара жатыр.

Жасанды интеллекті пайдалану

Жасанды интеллекті пайдалану үшін бағдарламалау тілдерін білу керек. Мысалы Python тілін. Арнайы жеңілдетілген интерфейсы бар бағдарламаларды есептемесек жасанды интеллектіні құру күрделі іс. Негізінен бұл салаға бағдарламалаумен қатар математиканы білетін адамдар керек.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.