Php деген не? Php тілі

Php деген не? Php тілі сайт жасау үшін пайдалынады. Бұнымен неше түрлі сайттарды жасай аласыз, қарапайым сайттардан бастап үлкен Фейсбук пен Википедия сияқтыларына дейін. Бұл интернеттегі ен танымал бағдарламалау тілі боп табылады.

Интернеттегі сайттардың 85 пайызына жуығы осы тілде жасалған (бұл мәлімет жылда өзгеріп тұрады және әртүрлі мәлімет беретін сервистер көп, біреу 85 ал екіншісі 87 дейді). Php тілде сайт жасауды жеңілдететін танымал құралдар бар, мысалы WordPress, OpenCart, Modx және басқалары.

Php тілін меңгеру

Php тілін меңгеру үшін бұны компьютерге жүктеу не онлайн сервистерді пайдалану керек. Біз writephponline.com сервисін пайдаланамыз, сіз бұны не Гуглда php online деп басқа сервисті тауып пайдалана аласыз.

Осы сервисте мынандай код жазайық:

Php онлайн

Run Code пернесін басыңыз, бұл терілген кодты іске қосады.

Яғни echo 'Сәлем!'; коды сайтқа тексті қосуға мүмкіндік береді. Php-де код бөлігі ; символымен аяқталуы тиіс.

Php тіліндегі файл .php кеңейтіліміне ие, яғни осы тілде жұмыс істеу үшін index.php, contact.php, almaty.php сияқты файлдарды құру керек. index.php бұл сайттың басты беті болады.

Php тіліндегі код <?php басталып ?> символымен аяқталады.

Php тіліндегі айнымалылар

Php тіліндегі айнымалылар $ символымен басталады, мысалы $day = 'sunday'; немесе $zhyl = 2021; шатасып кетпес үшін айнымалыларға тиянықты, мағынасы бар аттар беріндер. Мысалы $a15 деуден гөрі $aty деңіз. Кейін өзіңіз шатасып кетпейсіз.

Айнымалыны экранға шығару үшін echo дегенді пайдалану керек:

Php echo

Жаттығу ретінде сіз бір айнымалыны жасаңыз да оған өз атыңызды меңшіктеніз, және оны экранға шығарыңыз.

Php-дегі шартты операторлар

Php тілінде өзге бағдарламалау тілдеріндегідей шартты операторлар бар. Мысалы if.

Php тіліндегі if операторы

Бұл кодтың мағынасын түсіну оңай, егер if ($aty == 'Samal') { жолындағы шарт орындалса, онда жақшаның ({ және } арасындағы код) ішіндегі код орындалады. Сіз $aty = 'Samal'; жолындағы айнымалыны өзгертіңіз және кодтың орындалуын тексеріңіз.

Бұл кодтағы шарт орындалмаса пәлендей мәлімет шықпайды, бұл көп жағдайларда ыңғайсыз болады, себебі адам шарттың орындалуын я орындалмай қалуын білу керек, сол үшін else дегені бар:

Php тіліндегі if else операторы

Php тілінде бұдан да басқа шартты операторлар бар, бірақ осы да әзірше сендерге жеткілікті болады. If else бұл ең көп қолданылатың шартты оператор.

Php тіліндегі салыстыру операторлары

Php тілінде салыстыру операторлары бар. == бұл теңдік, != бұл тең емес. Сендер жоғарыдағы мысалда тең емес операторын пайдаланып бірнеше кодты жазып көріңіз. Көп кодты жазуға тырысыңыз, көп код жазу бұл математикада көп есеп шығару сияқты. Кім көп есеп шығарса, сол математиканы жетік біледі.

Кім көп код жазса сол жақсы бағдарламалаушы болады.

Php орнату

Php орнату үшін сіз local server деген бағдарламаларды пайдалана аласыз. Мысалы мен Php тілінде сайт жасағанда Laragon дегенді пайдаланам. Бұдан басқалары да бар. Бұларды орнату қиын емес, бағдарламаның сайтына кіріңіз де бағдарламаны жүктеп алыныз. Одан кейін әдепкі орнатуды бастаңыз.

Қолыңыздан келмесе Ютубтан видеоларды көріңіз. Тағы бір жол бұл онлайн бағдарламалау кешендерің пайдалану, мысалы replit.com пайдалана аласыз.

Php тілінде сайт жасау

Php тілінде сайт жасау үшін домен мен хостинг керек. Домен бұл сайттын аты, мысалы осы сайттың аты AlmatySite.kz. Хостинг дегеніміз бұл сайт орналасатың файлдар орны.

Сайт жасау үшін ең алдымен домен мен хостингті сатып алыңыз, бұны хостинг компанияларда сатып аласыз, одан кейін доменді хостингке қосыңыз, бұны да сол хостинг компания жасайды. Одан кейін хостинг компания сендерге файл менеджері бар хостингті береді, соған index.php бетін жүктеңіз, бұл сайттын басты беті болады. Басқа файлдар аттарына сәйкес ашылады, мысалы almaty.php файлы сайт-аты/almaty.php адресі бойынша ашылады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.