Патент деген не? Патент алу шарттары қандай? Сертификат деген не?

Қазақстанда патент деген сөз түрлі мағынада қолданылады. Біріншісі ол өнертабысқа байланысты ал екінші Жеке Кәсіпкер ретінде тіркелуден туындайды. Адам бір пайдалы дүниені тауып жатса оған құқық алып өзгеге сата алады. Мысалы IT саласында неше түрлі компаниялардың туындылары патентке ие. Мысалы Гугл компаниясы интернетте ақпаратты іздеу алгоритмін (кодты) патенттеген. Демек өзге компания сол кодты пайдаланғысы келсе олардан рұқсат алу керек.

Кезінде телефонды ойлап шығарған Александр Белл оған патент алған. Демек басқа компания телефонды жасау үшін оған ақша беруге міндетті болған. Соның арқасында ол ерекше бай болған. Патент мерзімі де бар. Ол белгілі бір уақытқа беріледі. Сол уақыт өткеннен кейін оны басқалар тегін де пайдалана алады. Патент зияткерлік меншік боп табылады. Патентті алу үшін патент бюросына өтініш беру керек.

Сертификат деген не?

Патентке ие болған адамға сертификат беріледі. Яғни қағаз ретінде не электрондық нұсқадағы құжат. Мектепті бітіргенде аттестат, университетті бітіргенде диплом берілсе патентке ие болған адамға сертификат беріледі:

Сертификат деген не?

ЖК патент деген не?

Сіз Жеке Кәсіпкер ретінде тіркелсеңіз бірнеше салық төлеу әдісін таңдай аласыз. Ыңғайланған, патентпен дегендей. Патент арқылы жұмыс істеу кезінде сіз басқа адамды жұмысқа ала алмайсыз. Патент ол бір өзі ғана жұмыс істейтің кәсіпкер. Мысалы шаш алатын маман не құрылысшы осы режимді таңдай алады. Одан бөлек — такси, маникюр, әрлеу, компьютерді жөндеу және басқалары.

Өнертабысқа алынған патенттер компания мен жеке тұлғаларға қыруар ақша әкеп тұрады. Басқа компаниялар солардың жұмысын пайдалану үшін оларға ақша беруі шарт. Тегін рұқсат беру сирек болады. Көбінесе ақша сұралады.

Патент алу

Әлемдік, жаһандық компаниялардың барлығында патенттер бар. Олардың саны әрбір компанияда бірнеше мыннан да асып кетеді. Олар қайдан пайда болады? Олар сол компанияға жұмыс істеп жатқан ғалымдардың табысты жұмысының нәтижесінде дүниеге келеді. Әрбір ірі компания ішінде ғылыммен айналысатын адамдар бар болады. Солар пайдалы дүние ойлап тауып оған патент алады.

Патент алу жоғарыда жазғандай патент бюросында алынады. Оған қоса әрбір елдің өз патенті бар. Бәрі бірдей өзге елдің патенттерін мойындай бермейді. Негізінен Америка мен Еуропа елдерінің патенттері мықты болып келеді.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.