Шрифт деген не? Гугл фонт деген не?

Интернетте неше түрлі сайттар бар. Әрқайсысында өзіне тән дизайн, стиль бар. Соны жасау үшін шрифт керек. Шрифт дегеніміз әріптін жазылу жолы, әдісі. Мысалы гугл фонттағы неше түрлі шрифтер бар. Соларды көріңіз:

Шрифт деген не?

Шрифт әріп, цифр, арнайы символды көрікті ететін әдіс. Неше түрлі шрифтер бар. Әрбір шрифке өзіне тән стиль, дизайн тән. Біреу әріпті ірі әрі қою етіп көрсетсе, екінші біреу шағын әрі ықшам етіп қояды.

Сіз вордтта жұмыс істесеніз Таймс Нью Роман, Ариал сияқты шрифтерді көрген шығарсыз. Сайт жасау үшін осыларды да пайдалануға болады. Басқаларын жүктеу керек.

Шрифті қосу

CSS те шрифті қосу үшін @font-face дегені бар. Мысалы Наутилиус Помпилиус шрифтін қосайық:
@font-face {
font-family: nautilius;
src: url(font/nautilius.otf);
}

Енді CSS-те font: 15px nautilius; деп жаза аламыз. Src шрифт орналасқан жолды көрсетеді. font-family шрифттің атауы. Шрифтер негізінен ttf пен otf форматында болады. Html мен CSS те сайт жасағанды неше түрлі шрифтерді қолдану керек болады.

Интернеттегі ең танымал шрифтер

Интернеттегі ең танымал шрифтер ол Roboto, Open Sans, Noto, Montserrat және басқалары. Дизайнер негізінен бес алты шақты шрифті ғана пайдаланады. Оған ұнаған.

Гугл фонт

Шрифті гугл фонт сервисі арқылы да қоса аламыз. Бұл үшін гугл фонт бетін ашамыз:

Шрифт деген не?

Осы жердегі сіз ұнатқан бір шрифтке басамыз:

Гугл фонт

Мысалы мен Робото шрифтіне басып оның жеке бетін аштым. Сол жақта плюс қоямыз. Бір шрифтін неше түрлі нұсқалары бар. Қою, жінішке, көлбеу дегендей. Соны тандап аламыз. Кейін он жақтағы, үстіндегі үш төртбұрышқа бассақ мынандай терезе шығады:

Гугл фонтты сайтқа қосу

<link… дегендерді сайттын head бөлігіне қоямыз. Енді осы шрифті пайдалана аламыз. CSS-те былай жазып font: ‘Roboto’ 16px;

Гуглда неше түрлі шрифтер бар. Сайт жасағанда бір, көп болса екі не үшеу ғана керек. Көп шрифті сайтқа қосуға болмайды. Себебі бұндай сайт тым баяу болып кетеді. Себебі әрбір шрифтін салмағы бар. Кейбірі бірнеше мегабайтқа дейін болады. Біздің интернетіміз бұндайды көтере алмайды. Негізінен логотипте қандай шрифт бар соны сайтта пайдалану керек.

Гугл фонттарда қазақи шрифт керек болса cyrillic extend отбасын таңданыз. Себебі басқалары кирилицаны қолдамайды. Қазақтың ә, і сияқты әріптерін де. Кирилицаны қабылдайтын шрифтер аса көп емес. Негізінен шрифтер латын алфавитіне бейімделіп жасалады.

Негізі қазақ тілін латын алфавитіне көшірсек бұндай кемшіліктерден айрылар едік. Латын алфавиті дегенде таза, шынайы, хас латын алфавитін таңдау керек. Түріктердегідей а-нің үстінде нүктесі, с-нің астында құйрығы бар болатындарын емес. Ағылшын тілі сияқты. Бөтен әріптерсіз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.