Шартты оператор деген не?

Бағдарламалауда ақпаратты талдағанда кейбір шартты операторлар туындайды. Мысалы адам кәмелетке толды ма жоқ па? Жасы 18 сегізден асты ма? Аспаған ба? Осыны тексеретін қарапайым бағдарламаны Php тілінде (басқа тілдерде код осыған ұқсас болады) жазып көрейік:

<?php
$adam = 19;
if ($adam > 18) {
echo 'Kameletke toldy';
}
?>

Осы кодта $adam деген айнымалысы құрылды және оған 19 деген мән берілді. Одан кейін if ($adam > 18) жолында осы айнымалының 18 үлкен екенің тексеретін шарт тұр. Егер осы шарт рас болса { мен } аралығындағы код іске асады, яғни экранда Kameletke toldy деген жазба қалады:

Php тіліндегі if шартты операторы

Бізде $adam айнымалысы 19 тең, 18 үлкен сан, соңдықтан {} жақша ішіндегі шарт орындалады. Яғни экранға Kameletke toldy деген жазба жазылады. Егер 19 емес 16 қойсақ if ($adam > 18) шарт орындалмайды. 16 саны 18 ден артық емес қой:

Php тіліндегі оператор

If шартты операторы

Осы мысалдағы if шартты оператор болады. Шартты оператор дегеніміз бір шарттың орындалуына байланысты орындалатын не орындалмайтын код. Мысалы $adam айнымалысы 18 санынан үлкен болса жазу пайда болады. Үлкен болмаса пайда болмайды.

Яғни $adam айнымалысы белгілі шартты (>18) қанағаттандырса бағдарлама орындалады (Kameletke toldy деген жазу пайда болады), қанағаттандырмаса орындалмайды (жазу пайда болмайды). Шарттың орындалуына байланысты әрекет ететін бағдарлама.

Логикалық операторлар

Шартты оператордағы жақшаның ішіндегі шарт үлкен белгісімен ғана шектелмейді. Бұдан басқа да логикалық операторлар бар.

Теңдік операторы

Теңдік операторы дегеніміз айнымалы белгілі бір шамаға тең болатының тексеретіндісі. Мысалы баланың мүшел жасқа келуін тексеру үшін мынандай код жаза аламыз:

if ($adam == 13) {
echo 'Mwshel zhasqa toldy';
}

Осы жерде $adam айнымалысы 13 тең бе? Соны тексереді, тең болса жазу шығады, болмаса шықпайды. Php тілінде == теңдік операторы деп аталады.

Үлкен, кіші, не тең

Үлкенді жоғарыда қарастырдық. Ол > символы. Бұдан басқа < бар. Ол кіші деп аталады. Тең не үлкен (>=), тең не кіші (<=) де бар.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.