Компьютерлік вирус деген не? Антивирус деген не? Хакер деген кім?
Өзгенің компьютеріне еніп, тарап, зиян келтіруге арналған бағдарлама компьютерлік вирус деп аталады. Мысалы банк компьютеріне еніп шоттағы ақшаны өзге адамның шотына жіберуге арналған бағдарлама вирус болады.
Қазір интернетте сондай бағдарламалардың саны көп. Кейбірі компьютерге енеді де бар мағлұматты өшіреді. Ал кейбірі ішіне еніп өзге сайттардың жарнамалық ақпаратын таратады. Сол үшін вирус жасаған адам жарнама берушіден сияқы алады.
Кейбір компьютерлік вирустардың зияны шамалы болады. Мысалы бәленбай сайт компьютер қосылғанда ашыла береді. Ал кейбірінің зияны зор болады. Кейбірі компьютерді түгелдей қирата алады.
Компьютерлік вирус адамға жұқпайды. Ол грипп сияқты биологиялық вирус емес. Ол шын бар, қолымен ұстай және мұрнымен иіскей алатын зат емес. Компьютерлік вирус виртуалды дүние. Яғни компьютер ішінде ғана өмір сүре алатын бағдарлама.
Вирустардан қорғану
Компьютерлік вирустардан қорғану үшін бөгде сайттарды ашпаңыз. Негізінен қазір интернетте вирустар сайт арқылы тарайды. Кейбір сайттарда сондай вирустар бар. Адам сол сайтты ашса вирустық шабуылға тап болады. Мысалы торрент сайттар. Немесе тегін файлдарды жүктеуге арналған сайттар.
Жарнамасы өте көп кейбір сайттар да вирус таратуы мүмкін. Соңдықтан бұндай сайттарды қарамаңыз. Сонымен қатар антивирус та бар.
Антивирус деген не?
Антивирус деген не? Антивирус ол компьютерді вирустардан қорғайтын бағдарлама. Вирустардың саны көп. Танымал антивирус бағдарламалары солардың көбінен сақтай алады. Мысалы мына антивирустар көптеген вирустарды жоя алады:
- Norton Security;
- BullGuard Internet Security;
- Avast Premium Security;
- Avira Antivirus Pro;
- Microsoft Windows Defender;
- Bitdefender Internet Security;
- McAfee LiveSafe;
- 360 Total Security;
Соңғысы тегін. Орнату үшін ресми сайтына кіріп жүктеу пернесін басыныз. Сайтқа орнатқыш жүктелгеннен кейін оны басыныз да орнатыныз. Ол оңай орнатылады.
Хакер деген кім?
Өзгенің компьютеріне ену жолдарын ойластыратын адам хакер деп аталады. Мысалы қарулы күштер өзге мемлекеттің құпия мәліметін алу үшін осындай адамды жұмысқа алады. Тағы бір компанияларда хакерлерді жалдап өз жүйесіндегі ақауларды анықтауға пайдалануы мүмкін.
Бірақ негізінен хакерлердің басым бөлігі заңсыз жолмен өзге компьютерегі мәліметті алып пайда көрумен айналасады. Хакерлердің кейбірі өзгенің компьютеріне ену үшін компьютелік вирустарды ойлап табады. Және интернетте таратады.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.