Венчур деген не? Венчурлік капитал
Венчур деп тәуекелшіл компанияны атайды. Мысалы жаңадан жасалған стартаптар сондайларға жатады. Оның табысты болуын не болмауын алдын ала ешбір жан білмейді. Жаңа әдіс пен тәсілді ойлап тауып соны ел игілігіне жаратқысы келгендер осындай компаниялар қатарына жатады.
Дамыған елдерде венчурлік компаниялар көп болады. Себебі олар жаңа әдістерді, технологияларды өндіріске еңгізіп экономиканың дамуына зор үлес қосып жатыр. Мысалы кезінде Амазон сияқты интернет дүкені болмаған. Адам барша тауарды дүкенге барып алған. Қазір болса осы Амазон ішінде неше миллион тауар бар.
Венчурлік капитал
Венчурлік деп аса тәуекелшіл салаларға ақша салатын адамдарды не қаржы орындарын атайды. Мысалы венчурлық қор, венчурлік капитал, банк және басқалары. Қазақстанда осындай мекемелер аз өйткені еліміз көбінесе шикізаттық бағытта дамып жатыр. Дамыған елдердің барлығында венчурлік инвестицияларды салатын қорлар бар.
Венчурлік капиталист деп осы салада қызмет ететін адамды атайды. Оның мақсаты тәуекелшіл нарықта жұмыс істеп ақша табу. Болашағы зор болатын компанияларды тауып оларға қаржы құю. Ақша салу. Қазіргі аса танымал IT саласындағы ірі компаниялардың барлығы дерлік осындай қорлармен жұмыс істеп жатыр. Солардың арқасында тәй тәй басқан стартаптан ірі транс мемлекеттік корпорацияларға айналған.
Неше түрлі сайт осындай қаржы алудың көмегімен ірі компанияға айналған. Барлық ірі деген стаптаптар осының арқасында ірі компанияларға айналған. Мыңдаған қызметкері бар әлемге танымал брендтер қатарына қосылған.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.