Плагиат деген не?
Плагиат деген не? Плагиат дегеніміз бұл өзгенің мақаласын, өлеңің, кітабін, ғылыми еңбегін рұқсатсыз иелену. Мысалы қазақстандық әншілердің кейбірі қырғыздың, өзбектің, түріктің өлеңдерін және әндерін рұқсатсыз алып айтуды дәстүрге айналдырған. Ал олардың өлеңдерін халық тегін интернетте жүктейді. Немесе көптеген оқу орындарында студенттер өзгенің рефератын интернеттен жүктеп алып, бір-екі жерін өзгертіп мұғалімге мен жаздым деп тапсырады.
Қысқасы плагиат бұл өзгенің туындысын иелену. Батыс елдерінде өзгенің туындысын рұқсатсыз пайдалансаңыз сізді соттайды. Негізінен бұнысы дұрыс. Себебі туындыны ойлап тапқан адамның ақысы да бар.
Плагиатты қалай анықтайды?
Плагиатты қалай анықтайды? Бұл үшін арнайы бағдарламалар мен сервистер бар. Олардың жалпы атауы плагиатты тексеру. Гуглде плагиат онлайн немесе антиплагиат деп теріңіз. Бірнеше сайт шығады. Мысалы мынандай сайт:
Осы жерге Пушкиннің атақты өлеңің салып Проверить пернесін басамыз. Бұл сервис осы өлеңнің қай жерде орналасқаның көрсетіп береді:
Рефераттың, курстық жұмыстың мәтінің дәл осылай анықтай алады. Қай сайттан алдыңыз? Қай бетте бұл реферат бар? Қашан жүктелді?
Өкінішке орай қазақ тілінде бұндай сервистердің бәрі бірдей жұмыс істей алмайды. Кейде бұрыс, кейде дұрыс нәтиже береді. Бірақ ұстаздарда арнайы бағдарламалар бар. Соның көмегімен плагиатты анықтай алады.
Сайттардағы плагиат
Көп сайттар бір бірінің текстерін ұрлайды. Мысалы интернет дүкендерде мыңдаған, кейде миллион түрлі тауар бар болады. Әрбір тауарға текст жазу мүмкін емес. Осындай жағдайда тексті құрастыратын бағдарламаларды пайдалану керек.
Өйтпесе Гугл сияқты ізденістік жүйелер бұндай сайттардың мәртебесін төмендетеді. Интернет дүкенді ашу жайлы мынандай мақала бар — как открыть интернет магазин в Казахстане. Бұны оқып көріңіз.
Плагиаттың зияны
Адам өзгеден ұрламай өзі еңбектеніп жазса оның жазу қабілеті артады. Ой өрісі кеңейеді. Мысалы мектеп оқушыларына мұғалім реферат жаз деуі, баланың өздігінен еңбек етіп талпынсын, үйренсін дегені емес пе. Бала мақала жазып, өлең жазып ой өрісің кеңейтеді. Өзгенің еңбегін жеп жүрсе зияның өзі көреді.
Ұстаз шығарма жаз деп тапсырма берсе бұның мақсаты адамның шығармашылық машықтарын дамыту. Ертең адам өз бетімен неше түрлі мәтіндер жазады. Мысалы кей жұмыс орындарында өз өмірінің қысқаша өмірбаяның жазып бер дейді. Немесе үлкен бастық болсаңыз есеп жазу керек болады. Егер мектепте өзгеден көшірмей жазып, жазуды үйренсеңіз сіз емін еркін жаза аласыз. Ал өзгеден ұрлап, қулық істеп жақсы баға алып жүрсеңіз керек кезде мәнгірлеп қалуыңыз да ғажап емес!
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.