Онлайн карта

Онлайн карта дегеніміз интерактивті, өлшемін өзгеріп тұратын жер бетінің суреті не сұлбасы (схемасы). Мысалы Алматы қаласының мынандай гугл картасы бар:

Картаны үлкейте аласыз. Басқа жерді де көре аласыз. Солған не онға бұрып. Картада неше түрлі көшелер, үйлер, ғимараттар бар.

Картаны сайтқа қосу

Мен яндекс карталарымен жұмыс істеймін. Себебі яндексте Қазақстандағы қалалардың көшелері мен ғимараттары айқын көрініп тұр. https://yandex.ru/map-constructor сайтына кіріп тіркелініз:

Яндекс картасы

Сол жақта карта атын қойыныз. Мысалы Менің картам. Не сайт аты. Одан кейін іздеу жолына адресті теріңіз:

Картадағы адрес

Тере бастасаңыз сізге бірнеше нұсқа ұсынылады. Керектісіне бассаңыз ол астында шығады. Бір көк белгі пайда болды. Сол көк белгіге басып ол жердегі жазбаны өзгерте аласыз:

Картадағы белгі

Готово дегенді басып қойыныз.

Карта масштабы

Сайтта картаның дәл осылай көрсетілуі ұсқынсыз. Сондықтан осы картаның масштабын қою керек. Мысалы бірнеше көшелер көрінетіндей:

Карта масштабы

Енді сол жақтағы Сохранить деген сілтемеге басамыз:

Картаны сақтау

Бассаныз мынандай бет шығады:

Карта коды

Расстянуть по ширине деген жерде галочканы қою керек. Сонда карта бүткіл бетке созылады. Біздің белгіміз картаның қақ ортасында тұрып тұр. Получить код карты дегенді бассаныз код шығады:

Картаның коды

Сол кодты кез келген сайтқа қоса аласыз. Мысалы ВордПрестегі сайттын бетіне былай етіп:

WordPress картаны қосу

Мына жерде Текст режимі тұр. Бұны ұмытпаныз. Әйтпесе шықпайды! Егер сізде карта iframe арқылы жасалса оны адаптивті ете аламыз. Адаптивті видео сабағын көріңіз.

Егер бірнеше белгі керек болса картаны редакторда ашып басқа адрестерді теріп көріңіз. Негізінен әрбір сайтта бір карта бар болады. Ол компанияның адресі. Кейбір компанияларды көп филиал бар болса оларды жеке етіп осы картаға қоя аламыз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.