Javascript деген не? Javascript тілі

Сайттар неше түрлі бола алады. Шағын компания сайты, ірі корпорацияның сайттары, онлайн танысу сияқты сайт және тағы да басқасы. Соларды жасау үшін алғашында екі тіл керек. Ол HTML мен CSS. Осы екі тілді білсеңіз неше түрлі сайт жасай аласыз. Негізінен статикалық, қозғалмайтын сайттарды.

HTML мен CSS жасай алмайтын дүниелер үшін Javascript ойлап табылды. Оның мақсаты сайтқа қосымша игілік әперу. Мына жерде біраз мысал бар. Соларды қарап Javascript деген не сұрағына жауапты таба аласыз.

Javascript деген не?

Javascript тілін оқу

Ең алдымен мынандай шағын код жазу керек:

<html>
<body>
<button onclick=»basu()»>Bassai!</button>
<div id=»text»></div>
<script>
function basu() {
var matin = document.getElementById(«text»);
matin.append(«Text qosu»);
}
</script>
</body>
</html>

Осы мысал архиві — index. Осының арқасында бетте бір перне пайда болады. Соны бассаңыз жаңа текст сайтта қосылып жатады. Былай:

js тілі

Неше рет бассаңыз соншама рет сайтта «Text qosu» деген текст пайда болады. Он рет бассаңыз он рет шығады. Осыны сайтқа қоса аласыз.

JS синтаксисі

Енді жоғарыдағы мысалды қарастырайық. <button onclick=»basu()»>Bassai!</button> дегені кәдімгі перне. Тек оның құрамында onclick=»basu()» дегені бар. onclick=»basu()» конструкциясы пернені басқанда basu() деген функцияны іске қосады. Ол функция мына жерде анықталған:

<script>
function basu() {
var matin = document.getElementById(«text»);
matin.append(«Text qosu»);
}
</script>

function basu() дегені осы функцияның аты. Оған басқа атау да қоя аласыз. var matin = document.getElementById(«text»); деген жолда <div id=»text»></div> бар емес пе соны matin деген айнымалыға теңестіреміз.

Ал matin.append(«Text qosu»); деген жолда осы matin айнымалысына append(«Text qosu») көмегімен текст қосамыз.

JS тілін қосу

JS тілін сайтқа екі жолмен қосуға болады:

Екінші жол SEO тұрғысынан тиімді. Есесіне көп бет болса әрқайсысына кодты жаза бермейсіз. Бір жерде жазып, бір жерде өзгерте аласыз.

JS тіліндегі айнымалы

Айнымалы осы мысалда matin деген атқа ие. Айнымалыны аңықтау үшін var matin деген конструкцияны пайдаландық. Сіз оның орнына басқа айнымалыны қоя аласыз. Мысалы жоғарыдағы кодқа matin орнына alma деп қойынызшы. Егер қате жібермесеңіз дым өзгеріс пайда болмайды.

Айнымалы жасағанда әдетте мағынасы бар сөздерді пайдалану абзал. Айнымалының мазмұның ашатын сөздерді. Егер кодты бүгін жазып оған бірнеше айдан кейін оралсаңыз не жазылғаның ұға алмай қалмай үшін кодты ойланып жазу керек.

Осымен шағын JS тіліне деген кіріспені аяқтайық. Себебі ол өте үлкен тіл. Оны адам өмір бойы оқыса таусыла алмайды. Мысалы JS тілінде шартты операторлар, массивтер бар. Осы тіл PHP сияқты үлкен тіл. Егер серверлік js керек болса оны Nodejs сайтынан оқи аласыз. Қазіргі таңда әлемдегі ең танымал деген тілдердің көшін осы тіл бастап отыр.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.