Фрилансер деген кім? Фриланс деген не?
Фриланс деген не? Фриланс бұл өз бетімен жұмыс не қызмет істеу, мысалы біреу сайт жасай алады, оған басқалары интернет арқылы хабарласып тапсырыс береді, адам өз бетімен өз үйінде сайт жасайды. Жасалған сайт үшін ақы алады. Сайтты жасаған адам да, сайтқа тапсырыс берген адам да бір жерде жұмыс істемейді. Адам жұмысын өз бетімен қалаған жерінде жасайды.
Немесе біреу сайтқа не әлеуметтік жүйеге керек текстерді жазса, оған өзгелер бұндай қызмет үшін ақы төлеуім мүмкін. Мысалы біреудің сайтын текстпен толтыру керек болса. Бұл ретте де текст жазатын адам тапсырыс берушінің жерінде болмайды. Яғни оның компаниясындағы жұмыскер сияқты жұмыс атқармайды.
Бастықтың сасық сөзін естімейді. Өкінішке орай жұмысшыларын сөгетің бастықтар аз емес.
Фриланс мамандықтары
Фрилансте көптеген мамандықтар бар. Мысалы текст жазу, бұны копирайтерлер дейді. Бұлардың мақсаты сайтқа не басқа жерлерге тиянақты, әдемі текстерді жазу. Тағы бір мамандық бұл SMM менеджері немесе маманы, бұның мақсаты әлеуметтік жүйеде аккаунт ашып тауар не қызметті жарнамалау.
Сайт жасау маманы. Бұны вебмастер дейді. Тағы бір мамандық бұл дизайнер. Дизайнерлер сан алуан салаларда жұмыс істейді, мысалы сайттың дизайнерлері, бланк визитка сияқты заттарды жасайтын полиграфия дизайнерлері де бар.
Фриланс сайттары
Фриланстен тапсырыс алу үшін арнайы сайттар бар. Мысалы орыс тілінде не ағылшын тілінде. Орыс тіліндегі фриланс сайттарынан тапсырысты Ресейден не бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен ала аласыз, ал ағылшын тілін білсеңіз АҚШ пен Еуропа елдерінен ала аласыз.
Негізінен ағылшын тілін білу керек қой. Себебі шетелдегі жұмыс ақысы біздікінен жоғары. Соңдықтан фрилансті сол жерден алсаңыз керемет болар еді.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.