Dropbox деген не? Dropbox артықшылығы мен Dropbox сипаттамасы

Dropbox деген не? Dropbox дегеніміз ол барша әлемде зор танымал бола қалған қосымша. Оның мақсаты адамдар мен компаниялардың файлдарын сақтау. Мысалы сізде телефонда көп фото бар. Жаңасын жасау үшін ескісін бір жерге жүктеу керек. Өйткені кейде тым көп фото жасағанда телефон жадысы толып қалады. Осындай жағдайда фотоны сақтайтын жер керек.

Dropbox сипаттамасы

dropbox деген не?

Фотоны сақтайтын жер көп. Ол флеш жинатқыш болуы мүмкін. Ол компьютердің жады да болуы мүмкін. Бірақ ол жерге жүктесеңіз сол жақтан фотоны алу қиындап кетеді. Күні бойы компьютер жанында отырмайтын шығарсыз.

Сондықтан фотоны сақтайтын әрқашан қолжетімді орын керек. Бұлттық қойма, яғни сайт. Сондай сервистер көп. Оның бірі әрі бірегейі осы дропбокс. Сіз ол жерге файлдарды жібересіз. Олар телефоннан кетіп сол жақта сақталады. Қалаған уақытта оларды сол сервистен алуға болады.

Дропбокс алғашқы бұлттық сақтау орыны

Дропбокс сонау 2007 жылы пайда болды. Сондықтан оның басқаларынан біршама артықшылықтары бар. Оның шамамен мынандай интерфейсі бар:

dropbox деген не?

Яғни кәдімгі файл менеджер. Осы жерде барша файлдарды көре аласыз. Кейбірі папкаларға жинақталған. Сондай папкаларды сіз өз бетімен жасап атай аласыз. Сіздің компьютеріңіздегі файлдар осындай сервиспен синхрондалады. Яғни компьютерде бары дропбокста та бар болады.

Dropbox артықшылығы

Онысы сақтау үшін қолайлы. Әне міне дегенде файл компьютерде жойылып кетсе, мысалы ол жанып кетсе, ол файлдарды дропбокстан алуға болады.

Dropbox тарифтік жоспарлардағы қойма көлемі

Dropbox тарифтік жоспарлардағы қойма көлемі әрқилы. Негізінен ақылы болғандары бірнеше терабайттан басталады. Тегіні бар жоғы екі гигабайт. Бір терабайтта 1024 гигабайт бар. Демек сізге көп фото сақтауға болады.

Фотодан басқа неше түрлі бағдарламаларды. Кодтарды сақтауға болады. Неше түрлі рефераттарды. Осы дропбокс линукс, виндоуста жұмыс істей алады. Және мобильді қосымшалармен де интегралдана алады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.