Копирайтинг деген не? Копирайтер деген кім?

Копирайтинг деген не? Копирайтинг бұл текстті жазу, мысалы сайт жасалса оны толтыру керек бұл үшін копирайтинг қызметі таңдалады. Бұл қызметтің мақсаты тез жақсы текст жазу. Тауарды не қызметті жарнамалау үшін керек тексті жазу.

Бірден айтайық бұл өлең не жыр жазу емес! Бұнда әдеби көркемділігінен гөрі мазмұндық жағы басым болады. Себебі 100 шақты бетті бір айда әдеби тілмен, ертегі мен қиссаларындағыдай жазу ешкімнің қолынан келмейді. Бұл үшін, ақындарға да талай жыл керек.

Копирайтер деген кім?

Копирайтер деген кім? Копирайтер дегеніміз бұл тексті жазатын маман. Копирайтердің мақсаты қатесіз, мағыналы текстерді жазу. Халық, ел ұнататын текстерді жазу. Бұнымен қоса тексттің мазмұнымен бірге арнайы форматтары да бар. Мысалы Гуглдың контексті жарнамасында текстер арнайы белгіленген ұзындыққа ие болады, мысалы бір жерде тек қана 30 символ ғана керек болады ал бір жерде 90 символға дейін, соңдықтан тексті жазғанда бұны ескеру керек.

Осыны алдын ала копирайтерге айту керек. Жарнамалық текстерді керек ұзындықпен жазу керек. Оған қоса сайттарда текст жазғанда антиплагиат дегені де бар, бұл біреудің текстіне қол сұқпау. Яғни сіз өзіңіздің сайтыңызға текст жазсаңыз бұл текст өзге сайттардан алынбауы керек. Бұндай антиплагиат оқу орындарында да бар. Қысқасы біреудің тексті болмау керек. Себебі текст иесі сізді, біреудің интелектуалды игілігіне қол сұқты деп сотқа беруі мүмкін.

Әдетте копирайтерлер бұл үйден шыға алмайтын адамдар болады, мысалы балаға қарайтын жас аналар:

Копирайтер деген кім?

Антиплагиат

Антиплагиат сайттары интернетте көп. Бұлардың мақсаты тексті оригиналды не өзге жерден алынған дегенді аңықтау. Мысалы біреу копирайтерге текст жазуды тапсырса осы антиплаигат сайтпен істелген жұмысының сапасын тексереді.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.