1C бухгалтерия деген не? 1С туралы ақпарат
Қазақстан, Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан және жалпы ТМД елдері арасында бухгалтерлік есепті 1C бағдарламасымен жүргізеді. 1С деген ол компаниядағы ақша мен тауар айналымын қадағалайтын бағдарлама.
Осы бағдарлама ресейлік. Және көбіне бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы елдер арасында танымал. Мейл ру, яндекс такси, вконтакты сияқты. Басқа елдерде, жаһандық кеңістікте өзге бухгалтерлік бағдарламалар бар. Виндоусты жасаған Майкрософт компаниясының неше түрлі бағдарламалары бар. Оған қоса SAP деген компанияда осындай бағдарламалар бар.
1С Қазақстанның салық заңнамасына сай етіп жасалған. Дәл айтсақ Қазақстанға арнап жасалған нұсқасы бар. Осы бағдарламаның ішінде неше түрлі скриптерді, алгоритмдерді жазуға болады. Осы бағдарламаның өз бағдарламалау тілі бар. 1С программистер қазір нарықта зор сұранысқа ие. Себебі бухгалтерлік есеп барша компанияларда бар.
1C пен интернет дүкен
Көптеген компанияларда сайт бар. Ол кәдімгі сайт болуы мүмкін. Не сатып алу жолы бар интернет дүкен. Сондықтан сайт жасағанда осы бағдарламамен интеграциялау керек болады. Соны жасау үшін бухгалтер арнайы скрипт жазады. Ал сайт жасаған адам соны пайдаланып көптеген тауарларды 1С тен серверге жүктейді.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.