VPS деген не? VPS бұл жеке IP адресі бар хостинг

VPS деген не? VPS бұл үлкен сайттарға арналған хостинг. Бұнда консольмен жұмыс істей аласыз. Дәлірек айтсақ консоль арқылы кез келген бағдарламаларды орната аласыз.

VPS деген не?

Жеке IP адресі

Кәдімгі хостинг немесе shared хостинг бұл көптеген сайттар бірге орналасатын жер. Бұлардың бір IP адресі бар болады. IP дегеніміз төрт саннан құралған код, мысалы мынандай — 153.99.14.69. VPS хостингта жеке IP адрес бар болады.

Кейбір хостинг операторлары жеке, бөлек IP адресті бермейді, бірақ бұндайлар сирек, көбінесе жеке IP адресі барлық VPS беріледі. Сіз әрбір сайттың жеке IP адресін біле аласыз, бұл үшін хостинг компанияның сайтына кіріп сайт адресің теріңіз. Компьютердің де, мысалы мына сайт арқылы — whatismyipaddress.com.

Көп орын

VPS хостингтің тағы бір ерекшелігі бұл көп бос орын. Кәдімгі хостингте 1 не екі Гигабайт қана бар болса, VPS хостинтерде бұдан он есе не жиырма есе көп орын ұсынады.

Әртүрлі бағдарламаларды орнату

VPS хостинтерде басқа сайттар жоқ болғандықтан, сіз өзіңізге қажетті бағдарламаларды орната аласыз. Кейбір бағдарламалау тілдерің тек VPS хостинтерде ғана орнату мүмкін боп тұр. Мысалы Ruby, Java мен Python.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.