Векторлық графика дегеніміз не? Векторлық сурет. SVG деген не?

Векторлық графикаға сайттағы әріптерді жатқызуға болады. Экран бетін қаншама үлйкейтсек те ол сурет сияқты айғыз, бұлынғыр бола қалмайды. Себебі сурет растрлық графика ал текст векторлық болып табылады. Мысалы мен Гуглға кіріп Алматы деп теріп бетті 500% үлкейттім, соның салдарынан текст бәз қалпында қалса сурет бұлынғыр боп қалды:

Векторлық графика

Осыны вектор деп атайды. Векторлық графика масштабқа байланыссыз болады. Оның көмегімен құрылған сурет, текст, геометриялық пішіндер үлкейткенде дым өзгермейді. Жоғарыдағы суреттегі іздеу жолының да өзгермей қалғаның байқау қиын емес. Ол айғыз, бұлынғыр, мөлдір емес боп қалған жоқ. Тек оның өлшемі ғана өзгерді. Сайт жасағанда векторлық объектілер көп қолданылады. Оларға әріптерді, сандарды, арнайы символдарды, сайт менюін, неше түрлі мағлұмат еңгізу үшін қолданылатын пішіндерді жатқызуға болады.

Векторлық сурет немесе SVG деген не?

Векторлық сурет жасау үшін арнайы форматтар бар. Соның бірі SVG. Оған мысал да келтіре аламыз:

Векторлық сурет

Негізі интернеттте векторлық суреттер көп. Оларды Iconfinder.com, Freepik.com сияқты сайттарда табуға болады. Негізі осы SVG форматымен кішкентай, суреті онша күрделі емес заттарды сайтқа қосуға болады. Жоғарыдағы иконкадағы сияқты. Векторлы суреттерді Жасанды Интеллект көмегімен де жасауға болады. Ондай сервистер интернетте өте көп. Жасанды сана көмегімен сіз өзіңізге керекті суретті сипаттамаға сай етіп жасай аласыз.

Векторлық графика не үшін керек?

Қазіргі таңда экрнанның неше түрлері бар. Смартфонның алақанынызда сыя қойтын шағын экраны мен далада, көшеде тұратын ірі лед экрандар да бар. Солар үшін ірі өлшемді суреттер керек. Ірі өлшемді кескіндер керек. Өлшемі, масштабы ұлғайғанда сурет сапасы жоғалмайтын кескіндер керек. Соны векторлық графика көмегімен жасайды.

Полиграфияда векторлық формат кеңінен таралған. Себебі неше түрлі экранмен қатар ірі плакаттар, баннерлер бар. Солардың бәрі ірі форматта жасалған. Демек оларға осындай, сапасы өлшемі артқанда нашарламайтын кескіндер керек. Ал неге растрлық графиканы үлкен баннерлерге қолдана алмаймыз? Себебі ондай кескіндердің өлшемі тым үлкен боп қалады. Кішкентай суреттердің өздері біршама орын алады. Мысалы сіз смартфон көмегімен сурет түсірсеңіз оның өлшемі 10-20 МегаБайт болуы мүмкін. Ол смартфон экранындай ғана болса да. Ал көшеде тұратын баннерлерге ондай кескінді жасау үшін өте ірі өлшемді сурет керек болады.

Последние записи