Программист деген кім? Программист мамандығы
Программист деген кім? Программист мамандығы бұл заманда зор сұранысқа ие. Себебі осы программистер сан түрлі бағдарламаларды жасайды. Мысалы — ұялы телефонға ойындар, компьютерге арналған пайдалы бағдарламалар, сайттар, есептеу бағдарламаларын және басқалары. Программа жасау үшін бағдарламалау тілін білу керек.
Программист бұл программаларды жасайтын маман. Қазіргі танда көп бағдарламалар жасалатындықтан программистер ауадай қажет боп тұр. Программаның қазақша атауы бағдарлама. Соңдықтан программистерді қазақша бағдарламалаушылар деп те атайды. Екеуі қатар қолданылады.
Университет пе? Курс па?
Программист мамандығын университеттер мен колледждерде оқытады. Сонымен қатар арнайы курстар да бар. Оған қоса онлайн тегін курстар мен оқылықтар да бар. Қазақстандық университеттерде оқылатын пәндердің көбі сізге қажет болмай қалады. Мысалы философия, социология, тарих және басқалары. Оған қоса бағдарламалаудың ескірген, тозып кеткен бағдарламаларын да оқытатындары да бар. Мысалы Турбо Паскальді оқытады, бұл коммерциялық компанияларда аз қолданылатын тіл.
Соңдықтан жақсы маман болғыңыз келсе курстарды да қарастырыңыз. Курстардың жаман жері бұл олардың сертификатының беделге ие болмауында. Университетті бітірдім дегені бір төбе, курсты бітірдім дегені бір төбе. Бірақ тәжірибеңіз мол болса бұл дипломнан мың есе артық болады. Кейбір жерге диплом керек, ал кейбір жерде диплом емес білім керек болады.
Жақы программист болу үшін не керек?
Бағдарламалау тілдері сан алуан, қолдану аясына қарай мың бағытқа бөлінеді. Мысалы Андроид ұялы телефондарына қосымша жазу үшін Kotlin мен Java сияқты бағдарламалау тілдерін білу керек, iPhone мен iPad қосымшалар Swift тілінде жазылады, сайт жасауда негізінен Php қолданылады, қаржы компаниялар мен банктерде Java мен ASP тілдері қолданылады. Оған қоса C, C++, Python тілдері де зор сұранысқа ие.
Сіз мың қабатты бағдарламалау үйінің ішінен керекті бағытты, бөлмені таңдаңыз. Және керекті тілді жетік меңгеріп алыңыз. Жақсы программист бұл бағдарламаларды тез жазатын маман. Соңдықтан өзіңізге керекті бағдарламалау тілін біліп таныңыз. Көп бағдарламалар жазып жүріңіз. Сонда жақсы программист боласыз.
Жақсы программист болу үшін көп бағдарламаларды жазу керек. Бұған қоса пайдаланып жатқан тілді сүю керек. Мысалы мен Ruby тілінде үлкен сайттарды жасаймын, бұл тіл маған ұнайды.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.