Мессенджер деген не? Чат деген не?

Мессенджер тексті, суретті, видео мен аудио файлды лезде жіберетін бағдарлама, қосымша. Сіз фото түсіріп оны досынызға жіберсеніз ол оны лезде көре алады. Мессенджердің негізгі мақсаты хабарды лезде тарату, жіберу. Адам бірден оқып тани алады.

Қазіргі таңда мындаған мессенджер бар. Солардың ең ірілері Ватсап пен Телеграм. Қазақстанда көпшілігі Ватсапты пайдаланады. Бірақ Телеграм да қалмай оны озып жатайын деп тұр.

Мессенджер деген не? Ватсап пен Телеграм

Мессенджер мен әлеуметтік желінің айырмашылығы неде?

Мессенджерде сіз тіке бір адамға не бірнеше адам біріккен топқа хат жаза аласыз. Және оны осы топқа кірген адам ғана көре алады. Басқалары оны оқи алмайды. Әлеуметтік желіде сіз жазба қалдырсаныз оны бәрі көре алады. Бәрі оқи алады. Тіпті өз пікірін қалдыра алады.

Ал мессенджерде сіз адаммен тікелей хат алмаса аласыз. Пошта сияқты. Тек бұнда хабарлама лезде жетеді. Поштада біраз кідіріп келеді емес пе! Әлеуметті желіде неше түрлі сервистер бар. Мысалы танысу, ойын ойнау, гороскоп, тест және басқалары. Мессенджерлерде бұнысы жоқ. Және мессенджерлерде дизайн тым күрделі болмайды. Мысалы фейсбукты қараңыз, ватсапты қараңыз. Екеуінің дизайны жер мен көктей. Фейсбукта дизайн тым күрделі, неше түрлі беттері, баптаулары бар. ал ватсапта бәрі ықшам. Бәлендей көп баптау жоқ.

Бірақ соңғы кезде мессенджерлер әлеуметтік желілерге біртіндеп ұқсап жатыр. Әсіресе Телеграм. Мессенджерлерде баршаға ашық топтар да пайда бола бастады. Яки кез келген адам осы тапқа қосылған хатты оқи алады. Видеоны көре алады. Аудио файлды тындай алады.

Мессенджерді қалай орнату керек?

Сіз телефонмен қосымшаларды жүктеуге мүмкіндік беретін Google Play не App Store кірініз. Біріншісі Android ал екіншісі iOS жүйесінде бар. Немесе гуглда WhatsApp не Telegram деп теріңіз. Содан кейін осы қосымшаларды жүктеуге арналған сілтеме пайда болады. Соған басып телефонға, планшетке және тіпті компьютерге мессенджерді жүктей аласыз.

Мессенджер телефон нөмірін қажет етеді. Негізінен коды бар SMS келеді. Растау хатын басқаннан кейін сізге мессенджер қосылады. Негізінен мессенджерлер тез хабар алмасу үшін керек. Мысалы жұмыста оның пайдасы мол. Мен өзім күніне неше рет адамдарға ватсапта жауап қайтарам.

Чат деген не?

Мессенджер ішінде адамдар бір біріне лезде жететін хабарламаларды жібере алады. Осыны чат деп атайды. Онлайн чаттар неше түрлі сайттарда бар. Мысалы танысу сайттарында. Немесе онлайн қызмет ететін сайттарда. Егов сияқтыларда. Чаттын бизнестегі негізгі мақсаты клиентке тез, лезде жауап қайтару.

Оған қоса талай репетиторлар балаларға сабақты чат арқылы үйретеді. Онлайн. Кездеспей ақ. Көптеген әлеуметтік сайттарда чаттар бар. Чатты php, html сияқты тілдерді пайдаланып жасай аласыз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.