Интерфейс деген не? Интерфейс түрлері. Пайдаланушы интерфейсі
Сіз телефонды қолға алып біреуге қоңырау шалғыныз келсе оның экраның көресіз. Экранда неше түрлі қосымшалар тұр — ватсап, инстаграм, банк қосымшалары, кредит алу қосымшалары дегендей неше түрлі пернелер бар. Осының бәрін интерфейс дейді. Телефонның экраны интерфейс боп табылады. Осы термин ағылшын тіліндегі inter және face деген сөздерінің бірігуінен құралған. Inter дегеніміз өзара ал face дегенің білетін шығарсыз ол бет деп қазақ тіліне аударылады.
Демек interface сөзінің тіке аудармасы бетпен әрекеттесу. Компьютер бетімен адамның әрекеттесуі. Баяғы заманда тек қана компьютерлер ғана болған, сондықтан көп термин соған ғана байланып қалған. Шың айтсам 90 не 2000 жылдары біреу маған бес не оң жылдан кейін ішінде камерасы, фотосы, диктофоны, музыкасы, телефоны бар смартфон пайда болады десе мен сенбес едім. Ей қойшы! Ондай болуы мүмкін емес қой деп. Себебі баяғыда бұның бәрі жеке, бөлек етіп сатылатын. Мысалы музыканы магнитофонда естіп жүрдік, фотоны фотоаппаратта салдық ал дыбысты диктофонда жазатын едік. Ал қазір бұның бәрі бір жерде, бір интерфейс арқылы қолжетімді. Және диктофон журналисттерде не менттерде ғана болатын. Оған терпилалардың берген показаниялары жазылатын.
Сонымен интерфейс ол заманауи девайстын пайдаланушымен әрекеттесетін орны. Кейде интерфейс тым күрделі болады. Елге түсініксіз, басатын жері қайда? Кіретін жері қайда дегендей. Соны адамға қолайлы ету үшін интерфейсті жетілдіреді. Ондай тірлікпен UX пен UI мамандары айналасады. Оның дизайның жасайтын адамдар да бар. Неше түрлі эскиз жасап. Мысалы мынандай:

Осы суретте сайтта болатын элементтердің нобайы келтірілген. Меню, пернелер, мәтін дегендейлері. Олар айдентика қағидаларына сай компания брендінің түстеріне ұқсас етіп жасалады. Мысалы компания логотипі қызыл түсті болса сайтта не мобилді қосымшада қолданылатын меню, мәтін, пернелер қызыл болады.
Интерфейс сайт, компьютер, мобильді қосымша, банкомат, лед экран сияқтыларда болады. Оларды жасайтын адамдар бар. Керемет интерфейсті жасау күрделі жұмыс болып табылады. Кейде оған мыңдаған адам қатысады. Жасанды интеллектінің көмегімен ондай жұмыс аздап жеңілденді.
Интерфейс түрлері
Интерфейс түрлері қанша? Екеу. Біріншісі пайдаланушы ал екіншісі бағдарламалаушылық. Пайдаланушы дегеніміз ол смартфон, компьютер, планшет сияқты девайстын интерфейсі. Ал бағдарламалаушылық дегеніміз ол көбіне программистерге ғана арнап жасалатыны. Көбіне бұнысы API болады.
Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі өз ішінен графикалық, тексттік, материалды, дауыстық, нейрокомпьютерлік, тактилді боп бөлінеді. Графикалық дегенді енді білесіз. Ол смартфон мен компьютер экраны, мониторы. Дауыстық дегеніміз ол Siri, Яндекс колонка сияқты дауыс арқылы нұсқау алатындары. Мысалы сіз Siri-ді қосып оған «маған Тлендиевтің Махамбет күйін қосшы» деп айтсаңыз ол сол әнді қосады (егер қазақ тілін танымаса онда орысша не ағылшынша айту керек). Оған қоса көзі көрмейтіндерге арнап жасалатын неше түрлі девайстар да дыбыстық сипаттағы интерфейске ие.
Мәтіндік интерфейсте адам мен компьютер көбіне текст арқылы араласады. Мысалы подъездегі домофондар сондай интерфейске ие. Арзан домофонда экрна болмайды, тек қана сан мен әріп болады. Сіз подъезге кіру кодын терсеңіз есік ашылады. Бұрыс болса ашылмайды. Осы жерде интерфейс текстік болады. Не цифрлық. Тек сандардан ғана тұратыны.
Нейрокомпьютерлік дегеніміз ол адам басындағы ойларды тіке компьютерге жеткізу. Сөз айтып, қолмен басып емес, оймен. Мысалы сіз бүгін көшеде неше градус ыстық деп ойлай қалсаңыз компьютер бүгін күндіз +35 С ал түнде +15 С болады деген ақпаратты экранға лезде шығара салады. Енді фантастикалық фильмдерде бұндайды көрген шығарсыз. Қазір сонысы бірте өмірге келіп жатыр.
Интерфейс жасағанда растрлық та, векторлық та графика қолданылады. Мысалы суреттер бар болады. Оларды растрлық графика құралдары көмегімен интерфейске өндеп қояды. Оған қоса неше түрлі иконкалар бар. Оларды векторлық графика құралдарымен жасап интерфейске қосады.
Бағдарламалық интерфейс
Осыны сіз өмірде көрмей қалуыңыз да ғажап емес. Ол көбіне аты айтып тұрғандай көбіне программистер пайдаланады. Мысалы сізде сайт бар. Ол арқылы тауар сатасыз. Тауар сатылса оның ақшасын онлайн алуға болады. Төлем жүйесін қосып. Ғылыми атауы эквайринг. Осы эквайринг қалай жасалады? Ол үшін сіздің сайтыңыз бен банк бағдарламалары өзара ақпарат алмасады. Олардың өзара байланысы бар. Көбіне API мен.
Осының өзіндік интерфейсі бар. Ол бағдарламалық деп аталады. Бағдарламалық интерфейс көп жерде бар. Мысалы сіздің телефоныңыз бен неше түрлі сервистер өзара байланысады. Қалай? Осы бағдарламалық интерфейс арқылы.