HTML деген не? HTML тегтері көмегімен сайт жасау

HTML деген не? HTML бұл сайтты жасау үшін керек тіл, бұны білмей сайт жасау қиын. HTML бұл ағылшын тілінің Hyper Text Markup Language деген сөздерінің қысқартуы, қазақшаға Гипер Тексті Белгілейтін Тіл деп аударылады. Бұл ең қарапайым бағдарламалау тілдеріне жатады.

HTML деген не?

HTML кодын жазу үшін блокнот керек. Мысалы Notepad++ сияқты. Блокнотта файлды құрындар да оны .html форматта сақтандар (файлды сақтағанда .html форматын таңдау керек, .txt емес). Оған төмендегі ең қарапайым деген сайттың кодын еңгізіндер.

HTML тегтері

HTML тегтері сан алуан. Міне ең қарапайым деген сайттың коды:

<html>
<body>
<h1>Salem!</h1>
<p>Men qazaqpyn!</p>
</body>
</html>

HTML тегтер <>-мен басталады да </>-мен бітеді. Мысалы <h1></h1> бұл тақырыпты сайтқа қосады, ал <p></p> параграфты. Сайт коды мына екі тег арасына жазылады: <html></html> және <body></body>.

Сайт жасау үшін жиырма шақты тегтерді білу керек. Қазір (2021 жылы) HTML тілінің бесінші нұсқасы қолданыста. Бұл нұсқасы 11 жылдай қолданыста.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.