Бот деген не? Чат бот деген не? Телеграм боты

Кейбір сайттарда сұрақ қойсаңыз сізге жауапты лезде (кейде оғаш жазылған) қайтаруы мүмкін. Мысалы пәтер қанша тұрады деп жазсаңыз сайттан бірден квадраты бес жүз мың деп қайтарады. Жауап қайтарған адам емес, себебі адам жауапты теріп жазғанша біраз уақыт өтеді.

Бот дегеніміз осы. Бот ол арнайы бағдарлама. Сайт не мессенджерде бірден жауап қайтаратын жүйе. Ол қалай жауап қайтарады? Арнайы түйінді сөздері бар сөйлемдерге оған дайын жауапты береді. Мысалы қанша деген сөзі бар сөйлемге бот бес жүз мың тенге деген жауапты қайтарады.

Адам үй қанша тұрады десе ол бес жүз мың деп қайтарады. Боқ қанша тұрады десе де сол жауап. Себебі екі сөйлемде де қанша деген түйінді сөз бар.

Сонымен бот деген не? Бот дегеніміз адам пайдаланатын интерфейстер арқылы белгілі іс-әрекет жасауға арналған виртуалды робот.

Телеграм боттары

Сіз Телеграмда ботты тегін жасай аласыз. Ол үшін осы мессенджерге тіркеліп кіру керек. Одан кейін @BotFather дегенді іздеу жолына теріп осы ботты ашыңыз.

Енді осы ботқа /newbot командасын жіберу керек:

Телеграмдағы бот

Содан кейін сізге бот атын таңдаңыз деген жауап қайтарылады. Бот аты bot-пен аяқталуы керек. Мысалы egovkzbot немесе kenes1414bot. Болды бот құрылды. Енді оған арнайы бағдарламаларды үйрете аламыз. Бұл үшін арнайы сервистерді пайдалау керек.

Оған қоса бағдарламалауды білсеңіз ботқа арнайы бағдарлама жаза аласыз. Мысалы Python, Php, Ruby сияқты тілдерді біліп боттарды құра аласыз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.