Контраст деген не?
Контраст дегеніміз дизайнда қолданылатын ұғым, тәсіл, әдіс. Әртүрлі түстерді пайдаланып ақпаратты көріңкі ете аламыз:

Осы суретте Qazaqstan деген атау ақ түсте ал оның астындағы жер сары түске боялған. Сондықтан адам көзі бұны лезде байқап оқи алады. Сайт жасағанда осы контрастты біз көп пайдаланамыз. Контрасттын тағы бір мысалы ол кітап беттері. Кітап пен оқулықтарды қағаз бетіне шығарады. Сонда көбіне ақ қағазға қара сыямен әріп, сан, формула жазады.
Дизайнда контраст жиі қолданылады. Себебі дизайнның басты мақсаты ол жарнамалайтын тауарды, қызметті елге сату. Сату үшін оны көрінетіндей, білінетіндей ету керек. Дизайн құр ғана сурет емес. Дизайн ол ең алдымен ақпаратты халыққа жеткізуді жеңілдету. Заттын керемет қасиеттерін айқындау. Осы айтқанымыз түстегі контрас боп табылады.
Суреттегі контраст
Қазір суретке түсіре алатын зат көп — смартфон, планшет, компьютер. Неше түрлі суреттер бар. Соларда да контраст деген зат бар. Оны әдетте фотографтар жасайды. Мысалы тойдағы суреттерді өндеп инстаграмға салу үшін. Фото контрасты мысалы мынандай болуы мүмкін:
