Әлеуметтік желі деген не? ФБ деген не? FaceBook деген не?
Әлеуметтік желі деген не? Ол адамдардың өзара хабар алмасуына, біріне бірі пікір қалдыра алуына, фото қосуға, текст жазуға арналған сайт не мобилді қосымша. Сіз мысалы facebook.com деген сайтқа тіркеліп өз анкетанызды қоса аласыз. Ол жерде атыңызды, туған жылынызды жазып фото қоса аласыз. Соны басқа адамдар көріп сізбен хабарласа алады. Мессенджерден басты айырмашылығы ол қалтырған жазбалардың көпке көріне беретінде.
Мысалы класстастарыңыз сізбен осы әлеуметтік желі арқылы хабарласа алады. Олар сіз сайтқа қосқан фото не жазбаға лайк қоса алады. Сізді дос деген белгі қоя алады. Қысқасы әлеуметтік желі ол интернет арқылы адамдардың байланысуы, сөйлесуі, амандасуы, танысуы.
ФБ деген не? FaceBook деген не? Фейсбук деген не?
Фейсбук ол әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі. Оның адресі facebook.com. Сол желіге шамамен екі миллиардтай адам тіркелген. Негізінен батыс елдері мен соларға жақын елдер. Еуропа мен Америкада танымал болған осы желі кейін бүткіл әлемге танымал бола қалды. Оның негізін Марк Цукерберг деген программист қалады.
Алғашында осы сайт PHP деген бағдарламалау тілінде құрастырылған. Қазір одан басқа тілдер де пайдаланып жатыр. Айтпақшы сіз осы тілді мына сайтта меңгере аласыз. Сайт жасау сабақтары осы жерде бар.
Басқа желілерден басты айырмашылығы фейсбукте жазба танымал бола алатында. Мысалы сурет қосуға арналған инстаграм деген әлеуметтік желі бар. Ол жерде жазба емес фото басты назарда. Ал тикток деген желіде видео басты назарда. Сондықтан фейсбукте не бір ақын мен жазушылар өлең мен әңгіме қалдыра жатады.
Әлеуметтік желінің зияны
Егер адам әлеуметтік желіде көп отырса оның көзі қызарады. Оған қоса адам психикасы бүлінеді. Әсіресе қиялға бататын қыз бен жігіттерге. Олар бай, ауқатты адамдардың жазбаларын, фотоларын қарап қызығады. Мен Дубайға барып ірі отелде болдым деп біреу мақтанады. Тағы біреу мен аса қымбат бентли көлігін сатып алдым деп жаһанға жар салады.
Соған жастар қарап қызығады. Мен де солай болсам. Мен де сондай бай болсам деп үйреншікті заттарға көңілің аудырмай кетеді. Қиялға алданып қалады. Шың өмірге бейімделмей сол бір қиялда қалғысы кетеді. Соның зардабын кейін не туысқандары не жақындастары көреді.
Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.