SQL деген не? SQL тілі. MySQL деген не? Мәліметтер қоры

Баяғыда ақпаратты сақтау үшін кітап деп дәптер қолданылған. Мысалы ауыл не мемлекет халқының саны осындай дәптерлерде сақталып тұрған. Адамның аты, тегі, туған жылы дегендей мәлімет қағазға жазылып сақталып тұрған.

Мәліметтер қоры

Ақпараттық заманда қағазға бәрін сақтай алмаймыз. Мәліметті компьютерде сақтау керек. Себебі компьютерге көп мәлімет сыяды. Және оны өзгерту, жою жеңіл болады. Бұл үшін Мәліметтер Қоры дегенді пайдаланады.

Сіз Excel бағдарламасын білетін шығарсыз:

Excel

Мәліметтер қоры шамамен дәл осылай құрылады. Белгілі бір мәліметтер кестеге жазылады. Мысалы мынандай Zhastars деген кестесі:

Aty Tegi Zhasy
Ахмет Өгізбай ұлы 15
Омар Қасым ұлы 16
Мұқан Есім ұлы 12

Microsoft Access, MySQL, MySQL Server сияқты бағдарламалар осындай мәліметтер қорларын құруға пайдаланады. Мысалы сайттардағы ақпарат жиі MySQL сақталады.

Мәліметтер қоры бағдарламалауда кеңінен пайдаланады. Мысалы Қазақстанда барлық азаматтар жайлы мәлімет EGOV сақталған. Ол жалпы үлкен мәліметтер қоры боп табылады.

SQL деген не?

Мәліметтер қоры өз ішінен иерархиялық, объектілік және реляциондық боп бірнеше топқа бөлінеді. Осылардың ішінен реляциондық Мәліметтер қоры ерекше көп қолданыс тапқан.

SQL дегеніміз мәліметтер қорына сұрау жасау үшін пайдаланатын тіл. Мысалы жоғарыдағы Zhastars деген кестеге бір адамды қосу үшін мынандай код жазу керек:

INSERT INTO Zhastars (Aty, Tegi, Zhasy) VALUES ('Самат', 'Аманкелді ұлы', '16');

Яғни 16 жасқа толған Самат Аманкелді ұлы деген адамды кестеге енгізу үшін осындай кодты жазу керек. Көріп тұрғандай SQL тілінің синтаксисі өте қарапайым. Ағылшынша білсеңіз осы тілдің жартысын меңгере алдыңыз деп санай беріңіз. SQL тілі HTML сияқты өте қарапайым боп табылады.

Insert into дегені енгіз мына ал values шама деп ағылшын тілінен аударылады. Сонымен осы код Жастар кестесінің Aty, Tegi, Zhasy бағандарына ‘Самат’, ‘Аманкелді ұлы’, ’16’ деген мәнді енгіз деп аударылады.

Жаттығу ретінде сіз өзіңіздің мәліметтеріңізді осы кестеге енгізе алатын кодты жазыңыз. Жақшаны ұмытпаңыз.

SQL тілінде мәліметті кестеге енгізу ғана емес кестедегі мәліметті көруге де болады. Мысалы мына код Zhastar кестесіндегі барлық мәліметті қайтарады:

SELECT * FROM Zhastars;

Алынған мәліметті өндеп экранға шығара аламыз. Мысалы көптеген сайттардағы мағлұмат осындай кодпен басылады.

MySQL деген не?

MySQL деген не? MySQL интернетте пайдаланатын мәліметтер қоры. Басқа қорлар да бар. Бірақ ең көп пайдаланатыны осы. Php тілімен бірге жиі сайт жасауда пайдаланады. Python мен Ruby де пайдаланады.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.