Интернет маркетолог деген не? Маркетолог деген кім?

Интернет маркетолог деген не? Желіде көп адам бұлай сұрайды. Бұнысы дұрыс емес. Қазақта адамға не демейді, кім дейді. Соңдықтан дұрысы — интернет маркетолог деген кім?

Интернет маркетолог бұл тауарлар мен қызметтердің сатылымын ойластыратын адам. Маркетологтің басты мақсаты тауар сатылымын арттыру. Бұл үшін әртүрлі акциялар жасайды, жарнамаға көп қаржы бөледі. Қазақстандағы әрбір сайтта, әрбір телевизия каналында жарнама бар. Жарнама тауарларды сату үшін жасалады.

Мысалы көптеген интернет дүкендердің жарнамаларын сіз көре аласыз. Мысалы өзге сайттарда не Гуглда. Интернет дүкен жайлы мынандай мақала бар — как открыть интернет магазин в Казахстане.

Жарнама

Маркетингте тауарды сату үшін жарнама пайдаланады. Сіз теледидардан күнде Кока-Кола, КФС, Пепси және басқа компаниялардың өнімдерінің жарнамаларын көресіңдер. Халық күнде бұларды көргендіктен дүкенге барғанда алады.

Жарнамасыз тауарды сату қиын. Себебі нарықта неше түрлі тауарлар бар. Бұлардың саны шексіз. Мысалы сусындардың қаншама түрлері бар. Бірақ жоғары сұранысқа ие болғандары бірнешеуі ғана. Қалғандары аз алынады. Себебі қалғандары аз жарнамаланады. Кока-Кола сияқты бәрі жарнамаланады деу қиын.

Жарнаманы жасау, ойластыру маркетологтің міндеті. Оператор кез келген видеоны түсіріп теледидарға салмайды. Бұл үшін видео роликтің сценарийі жазылады. Роликте сен осы тауарды сатып алсан ұтасын, танымал жұлдыздар сатып алады, сен де олардың жолына қосыл дегендей. Мысалы бір жарнама ролигінде атақты футболшы Месси Lays чипсіні жейді, футболды сүйетіндер бұны көреді де дүкенге барғанда осы чипсіні сатып алады.

Интернет маркетолог және жай маркетологтар жарнаманы жасағанда бір-бірімен, бастықтармен, дизайнерлермен сан түрлі пікірлер айтып кеңеседі:

Маркетолог деген кім?

Атам қазақ айтқандай — көппен пішкен тоң келте болмайды. Жарнамаға тапсырыс берген адамдар өз пікірлерін айтады. Біреуге көк түс ұнайды, біреуге қызыл түс ұнайды. Біреу жарнамада жаланаш әйелдер керек десе, басқасы жарнаманы отбасыға арнап жасағысы келеді.

Маркетолог айлығы

Маркетолог айлығы жоғары болады. Себебі нарықта көп компаниялар өз тауарларын сатқысы келеді. Көп компанияларға жақсы маркетологтар ауадай қажет болады. Соңдықтан тәуірлеріне қомақты сомма төлеуі дайын.

Маркетолог деген кім? Бұл тауарлардың сатылымын арттыратын адам. Осы мамандықты көптеген оқу орындарында оқытады. Өкінішке орай бәрінде ойдағыдай оқытпайды. Кейбір оқу орындарында маркетингке не бір қатысы жоқ дүниелерді оқытады. Баяғыда өмір сүрген ғалымдардың өмірі, экономикалық теориялардың даму жолы, философия және басқа маркетологқа керек емес пәндер.

Маркетологтің басқа атауы маркетинг менеджері.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.