Python тілі. Python деген не? Python жайлы қазақша сабақтар

Python жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдеріне жатады, яғни бағдарламалау үшін қолайлы тілдерге жатады. Python сөзі қазақша питон деп аударылады, питон бұл үлкен жылан. Сонымен Python деген не? Бұл әлемде көп қолданылатын тіл. Америкада бұл тіл оқу бағдарламаларында көп қолданылады, студенттерді бір бағдарламалау тілге оқыту керек болса осы пайтонды таңдайды.

Жасанды интелекті зерттеу, күрделі сайттарды жасау, бағдарлама жасау керек болса осы тілді жиі пайдаланады.

Python тілі бағдарлама жазу үшін керек

Python.org сайтына кіріңіз де осы тілді жүктеңіз:

Python тілін жүктеу

Бұл Downloads бетінде бірнеше операциялық жүйеге арналған орнатқыштар бар. Соларды жүктеңіз де пайтонды орнатыңыз. Мысалы сізде Windows болса Windows installer жүктеп алыңыз да кәдімгі бағдарламаны орнатқандай орнатыңыз (жүктелген файлға басып).

Python тілі ең танымал бағдарламалау тілдердің қатарына жатады.

Python бағдарлама жазу

Python тілінде бағдарлама жазу үшін python.org сайтындағы мына сілтемеге басыңыз:

Python тілінде бағдарламалау

Содан кейін мынандай терезе ашылады:

python

Осы терезеде 4/2 тердік те enter бастық осының нәтижесінде пайтон 4 саның 2 бөліп жауабын 2.0 деп жазды. Одан кейін 9 саның 3 бөлдік те нәтижесін көрдік. Сіз қосу, алу, көбейту амалдарын қолданып көріңіз.

Енді осы жерге print(«Qazaqstan!») деп теріңіз де enter басыңыз, дұрыс терсеңіз Qazaqstan! жазуы пайда болады. Сіз өзіңіздің атынызды еңгізіп көріңіз.

Python айнымалылар

Python тілінде айнымалылар бар. Айнымалы дегеніміз бұл белгілі бір мәнге ие сөз. Мысалы былай жазайық:

zhasy = 16

print(zhasy)

zhasy айнымалысын құрдық әрі оғай 16 деген санды меңшіктедік және бізге таныс print командасымен осыны экранға шығардық.

Python if else

Python тілінде if else шартты операторларын пайдалануға болады:

Python if else

Осы жерде zhasy айнымалысын құрдық әрі оған 16 деген мән бердік. If пен else кейін : бар әрі келесі жолда Tab-ті қою керек. Бұл бағдарламалау тілінің шарты.

Осы мысалды zhasy айнымалысы 15 кіші болса бір жазу шығады, ал үлкен болса басқа жазу шығады. Сіз 16 орнына 14 қойып көріңіз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.