VPN деген не? VPN қалай жұмыс істейді? VPN қолдану мақсаты

VPN деген не? VPN ағылшын тілінің Virtual Privat Network деген сөздерінің аббреавиатурасы. Ол дегеніміз жеке меншік желіні жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Телефон мен компьютерлерге арналған неше түрлі сондай қосымшалар бар. Мысалы Opera браузерінде сондай бағдарлама бар.

VPN қалай жұмыс істейді?

Интерментке екі жолмен кіруге болады. Әдепкі жолмен және VPN бағдарламасын қолданып: ВПН деген не?

Егер әдеттегідей кірсеңіз сіздің барша мәліметтеріңіз басқаларға белгілі болады. Мысалы мемлекеттік ұйымдарға, интернетті қосқан компанияға. Сіз ВПН көмегімен тіке интернетке кірмей қосымша делдалдық сервер арқылы кіресіз. Өйткені сіздің IP адресініз баршаға белгілі боп тұрады. Ал ВПН көмегімен онысы жасырылады.

Тағы бір айта кететін жайт осындай бағдарламалар барша мәліметті шифрлайды. Суреттің оң жағында Connection encrypted деп жазылған. Онысы қосылым шифрланған деп аударылады.

VPN қолдану мақсаты

Жоғарыда жазылғандай осы бағдарламаның көмегімен адам өзі кірген сайттарды басқаға білдірмей алады. Мысалы Ресей сияқты елдерде талай сайттар бұғатталған. Оппозициялық сайттармен қатар Фейсбук, Ватсап та бұғатталған. Бірақ сізге ол ресурстарды пайдалану керек бола қалды делік. Мысалы сіз басқа елдегі адамдармен жұмыс істеп жатсаңыз. Сонда осы бағдарламаны пайдаланып полицияға білдірмей тыйым салынған сайттарды қарай аласыз.

VPN пайдалану мақсаты

ВПН тағы бір мақсаты ол жеке деректерді құпия ету. Мысалы сіз бай адамсыз, күн сайын мыңдаған долларға интернет арқылы төлем жасап отырсыз. Сондықтан сіз хакерлерге жем бола аласыз. Олар көп төлем жасаған адамдарды таба алады. Арнайы бағдарламалармен. Егер әдеттегідей интернетке қосылсаңыз онда сіз жайлы мағлұматты хакер таба алады.

Ал егер ВПН пайдалансаңыз ол сізді таба алмайды. Таба алса да көп әрекет етіп қана. Демек осы бағдарламаның көмегімен сіз өзіңіздің қауіпсіздігінізді арттыра аласыз.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.