Таргетинг деген не? Таргет реклама деген не?

Таргетинг дегеніміз ол жарнаманы бір бағытқа бұру. Мысалы сізге лағман жасайтын кафе жарнама жасауды тапсырды делік. Ол кафе Алматы не Астана қаласында болсын. Жарайды Бейнеу ауылында болсын. Неге бәрі Алматы, Астана дей береді деп оқырмандар маған айтпас үшін. Лағман бір жерде жасалатындықтан оны сол жақта ғана жарнамалау керек. Егер ол жарнаманы Петропал не Өскемен қаласының тұрғындары көрсе соларға лағманды жеткізе алмаймыз ғой. Осындай жағдайда жарнаманы бір елді мекен аумағында көрсету үшін таргетинг деген опция бар. Мысалы Гуглда ол былай жасалады:

Гугл жарнамасындағы таргетинг

Таргетинг ол жарнаманы бір елді мекен аумағы ішінде ғана көрсету. Біздің мысалымызда ол Бейнеу ауылында ғана болады. Ақтау, Атырау жақта осы лағман жарнамасы көрсетілмейді. Гугл, Яндекс, Фейсбук, Инстаграм сияқты жарнаманы беретін сервистерде осындай таргетинг бар. Таргетинг көмегімен бір ғана қаланы емес бірнеше қаланы рет ретімен қоса аламыз. Бір облысты қоя аламыз. Гуглда таргетинг бір радиус аумағында дегені де бар. Яғни былайша айтсақ тек белгілі бір адамдарға ғана жарнаманы көрсетіп біз нысанаға тие аламыз:

Таргетинг деген не?

Таргет реклама деген не?

Таргет реклама дегеніміз Инстаграмдағы жарнама. Оның көмегімен сіз Инстаграмдағы пайдаланушыларға тауар не қызметінізді жарнамалай аласыз. Ол жарнаманың неше түрлі баптаулары бар. Сізге керек қасиетке ие жарнаманы жасау үшін. Мысалы жарнаманы көретін адамдардың жасын таңдай аламыз. Кейбір тауарлар жастарға ғана арналуы мүмкін, мысалы неше түрлі энергетиктер, манго журналдары, кей поп музыка өкілдерінің суреті бар футболкалар сияқтылар.

Ал кейбір тауарлар өңкей қарттарға ғана арналуы мүмкін. Мысалы пантокрин не саумал таблеткалары. Осындай жағдайда таргетинг жасауға болады. Белгілі бір аудиторияны ғана жарнаманы таңдап.

Последние записи