Прототип деген не?

Сайт жасағанда оның нобайын, жобасын, эскизін қағаз бетіне салады. Мысалы басты бет осындай, контакт беті осындай деп қағаз бетіне енгізеді. Мысалы былай етіп:

Прототип деген не?

Осыған адам қарайды да сайт жасайды. Прототип дегеніміз осы. Ол болашақта жасалатын сайттын, мобилді қосымшаның, ойынның, көліктің, үйдің, ғимараттын жобайы. Сызбасы.

Сайтқа тапсырыс бергенде оның прототипі қағаз бетіне жасалады да келісім шартқа енгізіледі. Дизайндағы прототип дегеніміз осы. Ол болашақ сайт, қосымша, робот және басқа затты жасағандағы нобайы, пішіні. Сонымен қатар басқа да прототип бар. Ол жұмыс істеп тұрған сайт, қосымша дегені.

Фигма деген қосымша бар. Соның көмегімен жұмыс істеп тұрған сайттын прототипін жасауға болады. Менюдегі беттері басылатындай, сайттың тексті бар болатындай. Прототиптің тағы бір анықтамасы ол жұмыс істеп жатқан қосымша, сайт, көлік, құрылғы, робот.

Вэб блог бетінде ақпараттық салаға байланысты көптеген мақалалар бар.