Онлайн платформа деген не?
Интернет платформа деген не? Ол контентті жасау, тарату, бөлісу, көру мүмкіндігі бар жүйе. Мысалы Ютубтын көмегімен сіз өзініз видеоны түсіріп оны елге тарата аласыз. Осы ретте Ютуб видеоны біріншіден өндейді, екіншіден өз дискілерінде сақтайды және оны өзгеге жеткізеді. Интернет платформа дегеніміз осы.
Тағы бір мысал ол ватсап. Сіз осы қосымшаның көмегімен өзгеге хабар жаза аласыз, оны өзге адам оқи алады. Видео, аудио файлдарын да жібере аласыз. Суретті де жіберуге болады. Мысалы өз суретінізді түсіріп оны досынызға жіберуге болады. Селфи жасап. Не бір керемет жерді суретке түсіріп оны да жіберуге болады.
Интернет платформаның негізгі мүмкіндіктері
Интернетте онлайн платформалар көп солардың бәріне ортақ қасиеттерді атап кетуге болады.
Интернет платформада контент жасау
Бірінші мүмкіндігі ол контентті жасау. Мысалы сіз ортақ чатқа хабар жазсаңыз оны көп адам көре алады, мысалы осы чатқа қосылғандар. Демек сіздің ойынызды өзгелер де көріп, оқып жатады. Хабар жазу, фото түсіру, аудио жіберу және осыған ұқсас заттарды ғылыми тілмен контент деп атайды. Ақпарат көзі.
Әлеуметтік желілерде контентті пайдаланушылар жасайды. Мысалы инстаграмға пайдаланушылар өз фотоларын, ойларын, аудио не видео файлдарын сала алады. Оны өзгелер көреді, оқиды, естиді. Ал корпоративтік интернет платформаларда ондай контентті арнайы оқылған контент-менеджерлер қосады. Мысалы әрбір қалада филиалы бар банктер өз сайтын не бір контентпен толтырады, депозит пайызы және оның шарттары, несие алу және оны төлеу жолдары және тағы сол сияқты. Оны контент-менеджерлер толтырады.
Цифрлы проектерді оңай жасау
Сіз ватсапта оңай жолмен топ құра аласыз. Оны цифрлік проект деп атайды. Немесе Ютубта өз каналынызды жасай аласыз. Ол да цифрлік проект. Не әлеуметтік желіде бір топ құра аласыз. Ол да цифрлік проект боп табылады. Интернет платформа осындай цифрлік проектерді оңай құруға мүмкіндік беретін жүйе. Былайша айтсақ бүткіл интернет платформамыз бір үлкен тал болса жекелеген цифрлік проект ол оның бір бұтағы.
Көптеген платформаларда осындай цифрлік проектерді жасау жолдары бар. Және оны жасау әдетте оңай болады. Мысалы хабарландыру тақталары бар. Қазақстандар ондайларға Олкс, Колеса кз, Крыша кз жатқызуға болады. Осы платформалар арқылы сіз оңай жолмен тауарды интернетте сатуға жүктей аласыз. Егер сіз ол жерге бірінші рет тіркелсеніз өзіңіздің тауарларыңыз салынған жеке бетінізді құра аласыз. Ол да цифрлік проект боп табылады.
Онлайн сервистерді қосу
Көптеген платформаларда неше түрлі онлайн сервистер бар. Мысалы сіз Ютубта видеоны салсаныз одан тиын табуға болады. Әрбір видео ролигінізде жарнама көрсетіледі, сол үшін сізге ақша төленеді. Осы жерде жарнама сервисін Ютубта қосуға болатының байқадық. Осындай неше түрлі сервистер бар. Оларды платформада қосуға болады.
Біле білсеніз Шопифай деген платформа бар. Оның көмегімен сіз оңай жолмен интернет дүкенді аша аласыз. Ол жерде статистика сервисі бар, яғни сіз ашқан проектіге қанша адам кіріп тауар алғаның көрсететін ақпараты бар бет. Сонымен қатар тауарды жеткізу үшін арнайы логистикалық компаниялардың сервистерімен жалғану да бар.
Қысқаша айтсақ интернет платформалардың көбінде неше түрлі сервистерді қоса алатын мүмкіндік бар. Осының арқасында платформалар танымал болып отыр. Әрбір платформа сервистермен құнды. Көп пайдалы сервистері бар болса ол елге керекті боп қалады, демек ол жұрт арасында танымал болуы ықтимал.
Пайдаланушылармен әрекеттесу
Әрбір онлайн жүйе елмен байланысы үші жасалады.