MVP деген не? Минималды Өміршең Өнім
MVP аббревиатурасы ағылшын тілінен Minimal Value Product деп аударылады. Оның мағынасы Минималды Өміршең Өнім. Мысалы алғаш рет Gmail өте қарапайым пошта болған еді. Ол жерде тек хатты жіберу, көру және алу ғана бар еді. Google компаниясы осы пошта сервисін жасағанда оның сәтті болатының алдын ала білмеген. Сондықтан тым күрделі етпей, аз ақша жұмсап ықшам пошта сервисін жасап оны елге көрсетті.

Джимейл ел ықласына бөленген соң оны осы айти компания жетілдіре түсті. Неше түрлі қосымшаны оған қосып. Негізі Гугл компаниясы көп стартап жасаған екен. Олардың біразі сәтті болса көбі сәтсіз бола қалыпты. Ойдағыдай ел арасында танымал бола қоймағаны қаншама. Негізі стартап саласында әрбір оныншы, бесінші, жүзінші стартап қана ойдағыдай алдына қойған мақсатына жете алады екен. Қалғандары жабылып, инвесторларға шығынды, мә ал деп сыйлайды екен. Венчурлық қорлар негізінен осындай MVP жасауға аз ақша береді. Егер ол сайт, қосымша ойдағыдай болса ақша беруді жалғастырады. Жоқ болса ақша беруі қиындап кетеді.
Сондықтан стартап жасағанда оның ең қарапайым нұсқасын жасау керек. Ең керектісін жасау керек. Стартаптын, проектін негізі ойын ғана қамтитын жерін жасап. Неге? Себебі неғұрлым стартап күрделі болса соғұрлым оны жасау қиындай түседі. Жасау құны көбейеді. Ақша үнемдеу үшін венчурлық фондтарда МӨӨ жасайды. Мысалы Қазақстанда көп стартаптар доска объявлений ретінде соңғы жылдарда ашылған. Жасап көріп оның елге керек пе, керек емес екенің біле аламыз.